ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ ІССАПАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Мәжіліс депутаттары Тарас Хитуов пен Балайым Кесебаева Сыр өңіріне іссапары барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында депутаттар Елбасы мен Мемлекет басшысының алға қойған міндеттеріне сәйкес елімізде заң шығару билігін жүзеге асыратын Парламенттің норма шығармашылық бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы хабарлама жасады.
Өз кезегінде департамент басшысының міндетін атқарушы Ардақ Ерсейтов Агенттік Төрағасының қойған міндеттерін орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басымды бағыты ретінде профилактикалық шаралардың, соның ішінде превенцияның маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, қылмыстың алдын алу, бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп жатқаны халық қалаулыларының назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, департамент басшысы жүйелі жемқорлықты жою, басшылық лауазымдағы тұлғалардың мемлекет қаражатын ұрлауы мен парақорлық фактілерін әшкерелеу, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жедел сүйемелдеу шараларының айрықша бақылауда екендігін жеткізді.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы талабына сәйкес сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзудың салдарлары мен оның шарттарын жоюды еңбек ұжымдарында қарау жұмыстарына да тоқталды. Осы мақсатта үстіміздегі жыл басынан бері 95 ұсыныс енгізіліп, оның 83-і қаралған. Ұсыныстарды қарау нәтижесімен құқық бұзушылықтарға жол берген 67 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Жиын соңында заң шығарушылық саласындағы маңызды мәселелер туралы пікірлер мен ұсыныстар айтылып, өзара ынтымақтастық жасау жөнінде келісілді.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика