Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛЫП ЖЫЛЫЖАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Қызылорда қаласында салынып жатқан алып жылыжайдың құрылысы аяқталуға жақын қалды, деп хабарлайды egemen.kz.
Толық автоматтандырылған екі гектарды алып жатқан жылыжайда жылына 900 тонна қызанақ өсіріледі. Жоба құны – 1 млрд. 100 млн. теңге. Оның 650 млн. теңгесін Үкімет қолдауымен алды.
Серіктестік директоры Ғани Алматов компьютермен басқарылатын кешендегі қызанақ кокос субстратына отырғызылатынын айтады. Мұның экологиялық жағ-дайы халықаралық стандарттарға негізделеді. Мәселен, Қытай жағы экология, тауардың сапасына бас ауырта бермейді. Жалға алған жерлерді түрлі химикаттармен аз жылда күлге айналдырып жіберетіндіктен де Ресейдің Хакасия үкіметі олардың жылыжайларын жинап, елдеріне кетуіне бұйрық шығарды. Өзгелері де ықыласты емес.
Ал Қызылордадағы жылыжай жаңа технология арқылы дүниежүзілік тәжірибе негізінде жұмыс істейді. Мердігер компанияның өкілі, Испаниядан келген Серхио Молина жылу, жарық, суару, салқындату сияқты жүйелер автоматты түрде басқарылатындығын айтады. Жұмысшыларға қалғаны – дайын өнімді жинап, қораптарға салу. Жаңа технологияны бір көргеннен басқарып кету мүмкін емес. Сондықтан, Испаниядан келген агроном бір жыл осы кешенде жұмыс істеп, жергілікті мамандарды үйретпек.
Қызылордадағы бау-бақша өнімдері көрші Түркістан облысына қарағанда қымбаттау болып келген. Енді осындай жылыжайлар облыстың басқа аудандарында да салынатындықтан сырттан тасымалданатын көкөніс бағасы азаяды, баға төмендейді деп күтілуде. Жаңа жұмыс орындары көбейеді. Бір Шиелі ауданының өзінде жиырмаға жуық жылыжай бой көтеретінін ескерсек, бұл алынбайтын меже емес.
 
Теги: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика