ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бұйрығымен Темірбеков Рашид Темірбекұлы Қызылорда облысының экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Р. Темірбеков 1976 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары прокуратура және мемлекеттік кірістер органдарында жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2019 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитетінде басқарма басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика