Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы артты
Алдын-ала деректер бойынша биылғы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 45836 мың АҚШ долларын құрады.
2018 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 1,5 есе көп, соның ішінде экспорт – 28946,1 мың АҚШ доллары (2,3 есе көп), импорт – 16890 мың АҚШ доллары (7,5% кем).
Қызылорда облысының экспорты құрылымында көпшілігін бейорганикалық химия өнімдері (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 62,7%), минералды өнімдер – 31,1% (тұз – 27,6%, табиғи құмдар – 2,8%, мұнай өнiмдерi – 0,7%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар – 6,1% (күріш – 4,6%, жас немесе мұздатылған балық 1,5%) құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 36,1%), химиялық өнеркәсіп өнімдері – 18,8%, мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар – 14,2%, металлдар және олардан жасалған бұйымдар – 14,2%, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары – 5,1%, ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары – 4,3%, минералды өнімдер – 2,4% әкелінді.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика