"ҚАЙСАР" - ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, "Қайсар" ФК директоры Серік Досманбетов жəне "Қайсар" ФК ойыншылары Думан Нəрзілдаев пен Иван Графтың қатысуымен баспасөз мəслихаты өтті.
Жақында ғана Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан кубогының финалында қайсарлықтар "Атырауды" 2:1 есебімен ұтып, бас кубокты иеленді.
Команда алдына қойған мақсатты орындап, Лига Еуропа бəсекесіне жолдама алды.
20 жыл үзілген жеңіс қайта жалғасын тапты. Енді келесі маусымда "Қайсар" Еуропа лигасында бақ сынайды. Сонымен қатар бас бапкер Стойчо Младенов командаға келесі жылы да жетекшілік етеді.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика