Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстар туралы

ЕСЕБІ

2017 жылдың жылдың 13-14 маусым күндері Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы ұйымдастырылды.

Комиссия отырысының күн тәртібінде кешенінің жұмыс істеуі, бірлескен жобаларды іске асыру сынды кең ауқымды мәселелер қаралды.

Облыс әкімдігі (тиісті министрліктермен бірлесіп) комиссияның күн тәртібіне бірнеше мәселелер ұсынды, олар:

- Қазақстан тарапымен Байқоңыр қаласының дамуын қаржыландыру мәселесі;

- Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын дамыту мәселесі (газ, сумен қамту);

- Байқоңыр қаласының және Төретам, Ақай елді мекендерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы;

- Байқоңыр кешеніндегі пайдаланылмай жатқан жер телімдерін жалдан шығару жөнінде;

- Байқоңыр қаласының бірлескен даму бағдарламасының жобасы жөнінде.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар әр мәселе бойынша тиімді шешімдер қабылдады.

Комиссия отырысының хаттамасын орындау мақсатында құзырлы органдармен бірлесе тиісті жұмыстар жүргізілді. Аталған мәселелердің қазіргі уақытқа орындалуы төмендегідей:

Газдандыру мәселесі бойынша

Комиссия Байқоңыр қаласындағы бірінші кезектегі тұтынушыларды газификациялауды 2017 жылдың 30 желтоқсанына дейін аяқтауды тапсырды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде өткен жылдың қараша айында Байқоңыр қаласына табиғи газ беріле бастады. Атап айтқанда 6 тұрғын ұй, 6 мектеп, 1 балабақша табиғи газға қосылды. Ол үшін газдандырудың бірінші кезектегі үйлерінде газ плиталары ауыстырылды. Әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтарының құрылысы жүргізіліп, ижылу жүйелеріне қосылды. Техникалық кесте және тұрғын үйлерді газға қосу кестесі бекітілді.

ҚР Энергетика министрлігімен «Байқоңыр» кешенінің тұтынушыларын газдандыру тәртібін анықтайтын «Байқоңыр» кешенін газдандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Келісім жобасы әзірленіп, Ресей тарапымен келісілуде.

Сумен жабдықтау және су құбырларын бұру бойынша

Комиссия отырысында Байқоңыр қаласындағы су құбырларын және кәріз жүйелерін жаңғырту және қайта құру механизмі келісілді.

2017 жылы 29 тамызда Байқоңыр қаласының объектілерін Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру бойынша іс-қимыл алгоритімі бекітілді.

Жаңғыртуға жататын жүйелер жалдан шығарылып, Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілді (Ресей Федерациясымен жалда тұрған Байқоңыр қаласының объектілерін Қызылорда облысының әкімдігіне қайта құру және (немесе) жаңғырту үшін  беру туралы Бірлескен шешім қабылданды.

Бірлескен комиссиямен объектілерді қарау жүргізіліп, техникалық жағдайы және беру қабылдау актісі бекітілді. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетімен «Байқоңырбаланс» ММ балансынан объектілерді Қызылорда облысы әкімдігінің меншігіне беру туралы 2017 жылы 24 қарашада №1311 бұйрығы шығарылды).

Облыстық бюджеттен Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау және су құбырларын бұру жүйелерін қайта құруға техника-экономикалық негіздеме әзірлеуге 41,0 млн.теңге бөлінді. Жобалаушы ұйым анықталып («Әсем Жоба Құрылыс» ЖШС), жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Байқоңыр қаласының және Төретам, Ақай елді мекендерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі бойынша

2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің XIV өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде «2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға» қол қойылды.

Хаттаманың мақсаты Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерімен медициналық көмек көрсету мәселесін заңнамалық түрде реттеу болып табылады.

Хаттаманың ережелері келесіні көздейді:

- «Байқоңыр» кешенінің Ресей ұйымдарында еңбек шартының негізінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтары мен міндеттері сақталады;

- «Байқоңыр» кешенінің Ресей ұйымдарында еңбек шартының негізінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары олар үшін сақтандырушылар және сақтандыру жарналарын төлеушілер болып табылады;

- Қазақстан Республикасының азаматтарына («Байқоңыр» кешенінің Ресей ұйымдарында жұмыскерлері болып табылмайтын Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратындар; «Байқоңыр» кешенінің аумағында уақытша болатындар) медициналық көмекті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары көрсетеді.

Байқоңыр кешеніндегі пайдаланылмай жатқан жер телімдерін жалдан шығару жөнінде;

Ресей мен Қазақстан өңіраралық ынтымақтастығының ХIV форумында «Байқоңыр» кешенін жалға беру Шартының №2 Қосымшасына өзгерістер енгізу туралы» Хаттамаға қол қойылды. Ол бойынша Ресей Үкіметі Қазақстаннан жалға алған, Ақай және Төретам кенттерінің маңындағы 11,6 мың га жерді қайтарды.

Бұл жағдай, инфрақұрылымды дамытуға, кәсіптің дамуына өз септігін тигізетін болады.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта қосымша тағы да 3,3 мың гектар жер көлемін жалдан шығару үшін координаттарын нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Байқоңыр қаласының ұзақ мерзімді бірлескен даму бағдарламасы жөнінде

Байқоңыр қаласының ұзақ мерзімді даму бағдарламасы әзірленіп, бекітілуге дайын. Бағдарламаның жүзеге асуы Байқоңыр қаласы дамуының перспективалық жоспарлануын қамтамасыз етеді.

Байқоңыр кешенінің пайдаланылмай тұрған мүліктерін жалдан шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп, Байқоңыр қаласындағы 3 нысан коммуналдық меншікке берілді. Оның ішінде, бұрыңғы мектепаралық оқу комбинатының ғимараты Қармақшы ауданына балабақша ашу мақсатында, «Тополек» дүкені Қазалы ауданының коммуналдық меншігіне және инфекциялық корпус ғимараты облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына әскери пунктін орналастыру үшін берілді.

Ғарыш айлағына қатысты жұмыстар

Үкіметаралық комиссия отырысында Ресей тарапы «Восточный» ғарыш айлағындағы ғарыштық бағдарламалардың бір бөлігін «Байқоңыр» ғарыш айлағына көшіретіндігін жеткізді.

«Бәйтерек» жобасын іске асыруды жеделдету және жаңа зымыранды іске қосу мерзімін 2025-тен 2022 жылға ауыстыру келісілді. «Бәйтерек» кешенінің ұшырылу аймағына Қазақстан тарапы жауапты болса, зымыранды құрастыру Ресей жағында.

Жалпы өткен 2017 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 13 ғарыш зымыраны ұшырылды (оның 4 пилот басқарылатын кеме; 9 жүк тасығыш ғарыш кемесі. Оның ішінде: 4 союз пилот, 1 союз груз, 4 протон, 3 проресс, 1 зенит).

2018 жылы 17 ғарыш зымыранын ұшыру жоспарланған, оның ішінде 4 пилот басқарылатын кеме.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының 2017 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары туралы

ЕСЕБІ

       Басқарманың ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшілерінің қызметтерін қамтамасыз ету және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, жалдық жағдайда нақты Қазақстан-Ресей келісілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының құзіреттілігін және Байқоңыр қаласының аумағында тұрып жатқан ҚР азаматтарының конституциялық құқықтарын сақтаумен байланысты.

Басқарманың құрылымы бойынша 3 бөлім бар: әкімшілік-құқықтық бөлім, саяси-әлеуметтік бөлім және негізгі мемлекетаралық бағдарламаларды жүзеге асыру және жалға беру шартының мониторингі бөлімі. Басқармада штат бойынша 12 қызметкер бар, оның 5-уі мемлекеттік қызметкерлер (басқарма басшысы-1, басқарма басшысының орынбасары-1, бөлім басшысы-3).

        Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшілерінің қызметтерін қамтамасыз ету және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру мақсатында басқармамен 2017 жылы мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілді.

        Анықтамалық:

       2017 жылы «Байқоңыр» кешенінің қызметін одан әрі қамтамасыз ету және Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыстар атқарылуда.

       Қазіргі уақытта қалада және кешенде қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

       Өмірлік қамтамасыз ету жүйесі және Байқоңыр қаласының коммуналдық қызметі тұрақты режимде жұмыс істейді және құқықтық тәртіптің деңгейін қолдау бойынша шаралар қабылдануда.

      Қызылорда облысының әкімдігімен «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Жиынтық жоспардың жобасына ұсыныстар жолданды.

     5-ші ҮАК отырысы барысында Байқоңыр қаласын қазақстан тарапымен қолданыстағы инфрақұрылымның қайта жаңарту және жаңғырту бөлігінде қаржыландырудың келесі механизмі келісілді.

- Байқоңыр қаласы тұтынушыларының жаңғыртуға және жаңартуға жататын кәріз, сумен қамтамасыз ететін жабдықтың және инженерлік инфрақұрылымның кешенін және жылу жүйелерін (әрі қарай - мүлік), РФ жалдан шығарылып, Қызылорда облысы әкімдігінің меншігіне 7 жыл мерзімге дейін ұзарту құқығымен беріледі.

- Жаңарту және  (немесе) жаңғырту (одан әрі-жұмыс) бойынша  жұмыстар жүргізу кезеңінде мүлік Байқоңыр қаласы әкімшілігінің тұтынушыларға (коммуналдық қызметтің құны) тарифті белгілеу шарттарының сақталуымен сенімгерлік басқармасына тұрғындардың коммуналдық қызметке төлем ақыларына субсидия жасау мүмкіндігі құқығымен беріледі. Сенімгерлік басқармаға тапсыру тәртібі жекелеген нормативтік құжатпен белгіленеді;

-Жұмыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік заңдылықтарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігіне республикалық бюджеттік бағдарламаларың тиісті әкімгерлері арқылы дамытуға республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлу жолымен жүзеге асырылады.

- Жұмыстар атқарылғаннан кейін РФ жалдан шығарылған мүлік  РФ жалға беріледі (қайтарылады).

      Қаладағы жаңа объктілердің құрылысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік заңдылықтар шеңберінде Қызылорда облысының әкімдігіне республикалық бюджеттік бағдарламаларың тиісті әкімгерлері арқылы дамытуға республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлу жолымен жүзеге асырылады.

     2017 жылы 17 қарашада Байқоңыр қаласында 6 тұрғын үй, 6 мектеп және 1балабақша табиғи газға қосылды. Байқоңыр қаласы әкімшілігімен 2018 жылы тұрғын үйлерге газ плиталарын ауыстыру жоспарлануда.

     2017 жылғы 13 маусымдағы «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысының Хаттамасымен Байқоңыр қаласындағы су құбырларын және кәріз жүйелерін жаңғырту және қайта құру механизмі келісілді.

     2017 жылы 29 тамызда Байқоңыр қаласының объектілерін Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру бойынша іс-қимыл алгоритімі бекітілді.

     Жаңғыртуға жататын жүйелер жалдан шығарылып, Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілді (Ресей Федерациясымен жалда тұрған Байқоңыр қаласының объектілерін Қызылорда облысының әкімдігіне қайта құру және (немесе) жаңғырту үшін  беру туралы Бірлескен шешім қабылданды.

     Бірлескен комиссиямен объектілерді қарау жүргізіліп, техникалық жағдайы және беру қабылдау актісі бекітілді. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетімен «Байқоңырбаланс» ММ балансынан объектілерді Қызылорда облысы әкімдігінің меншігіне беру туралы 2017 жылы 24 қарашада №1311 бұйрығы шығарылды).

     Облыстық бюджеттен Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау және су құбырларын бұру жүйелерін қайта құруға техника-экономикалық негіздеме әзірлеуге 41,0 млн.теңге бөлінді. Жобалаушы ұйым анықталып («Әсем Жоба Құрылыс» ЖШС), жобалау жұмыстары жүргізілуде.

     Байқоңыр қаласы дамуының ұзақ мерзімді Бағдарламасының жобасы Қызылорда облысы әкімімен және Байқоңыр қаласының әкімшілігінің Басшысымен қол қойылды.

     «Байқоңыр» кешені жөніндегі ҮАК төрағаларының 2017 жылы 19 желтоқсандағы (Мәскеу қаласы) кездесуі барысында, Байқоңыр қаласының ұзақ мерзімді Бағдарламасы әзірленген және бекітілуге дайын екендігі атап айтылды.   Аталған іс-шараны жүзеге асыру аяқталу сатысында.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының 2017 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы

ЕСЕБІ

Басқарманың ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшілерінің қызметтерін қамтамасыз ету және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, жалдық жағдайда нақты қазақстан-ресей келісілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының құзіреттілігін және Байқоңыр қаласының аумағында тұрып жатқан ҚР азаматтарының конституциялық құқықтарын сақтаумен байланысты.

Басқарманың құрылымы бойынша 3 бөлім бар: әкімшілік-құқықтық бөлім, саяси-әлеуметтік бөлім және негізгі мемлекетаралық бағдарламаларды жүзеге асыру және жалға беру шартының мониторингі бөлімі. Басқармада штат бойынша 12 қызметкер бар, оның 5-уі мемлекеттік қызметкерлер (басқарма басшысы-1, басқарма басшысының орынбасары-1, бөлім басшысы-3).

Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшілерінің қызметтерін қамтамасыз ету және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру мақсатында басқармамен 2017 жылдың 9 айында мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Анықтамалық: Қаладағы қоғамдық-саяси жағдай

2017 жылы «Байқоңыр» кешенінің қызметін одан әрі қамтамасыз ету және Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі уақытта қалада және кешенде қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

Өмірлік қамтамасыз ету жүйесі және Байқоңыр қаласының коммуналдық қызметі тұрақты режимде жұмыс істейді және құқықтық тәртіптің деңгейін қолдау бойынша шаралар қабылдануда.

Білім

Білім. Байқоңыр қаласының білім жүйесі дамыған түрлі білім беру орталықтарымен жабдықталып, оқушылардың мектепке дейінгі, жалпы, жоғары және қосымша білім алуына қолжетімділігін қамтиды.

2017 жылдың 1 қыркүйегіне Ресей Федерациясының юрисдикциясы бойынша Байқоңыр қаласында 31 білім беру мекемелер қызметін атқаруда: 13 мектепке дейінгі, 7 жалпы білім беру, 1 лицей, 5 қосымша білім беру оқу орындары, 3 орта кәсіби және 2 жоғары (филиалдарды есептегенде) оқу орындары.

Қазақстандық стандартпен 5 мектеп және 1 балабақша білім беру қызметін атқаруда. Бала саны 4855 құрайды. Балабақшадағы бала саны 280.

БМЕ (бірінңай мемлекеттік емтихан) қатысқан, мектеп бтірушілер саны - 252 оқушы (өткен жылдың осы кезеңінде – 259 оқушы).

Қазақ мектептеріндегі түлектер саны - 220, ҰБТ қатысқандары 182, 87 % қатысып отыр, ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл  80,58%.

 Мектептің жұмыс тәртібінің бірі тамақтандыруды ұйымдастыру. Барлық білім беру мекемелерінде тамақтандыру санитарлық-эпидемиялық нормалар мен ережелердің талаптарына сай ұйымдастырылуда.

Қазақ мектептерінде ыстық тамақпен 660 оқушы қамтылған.

Қосымша білім беру орталықтарына қатысушы балалар саны 4794 оқушы.

2017 жылдың 9 айында орта кәсіби оқұ орындарының студенттер саны 991 адамды құрады. 2017 жылдың 9 айында 138 маман оқу орындарын толық аяқтады.

 2017 жылдың 1 қыркүйегіне жоғары оқу орындарындағы студенттер саны(барлық білім беру нысандары бойынша)606 адам.35 Бітіріп шыққан мамандар саны 35 маман.

Барлық мектептер замануи талаптарына сай физика, химия, биология, ағылшын тілі, тарих, география, технология кабинеттерімен жабдықталған, ағымдағы жылы робототехника кабинетымен қамтылды.

      Қазіргі таңда мектептер (2-5-7 сыныптар) 41,075 жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтарымен қамтылды. (1-3-4) сыныптарға қосымша оқулықтар 43,142261 теңгеге алынды.

Әлеуметтік қамсыздандыру

 Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша секторынан жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы бойынша  1361 отбасына 15,07 млн теңге, атаулы әлеуметтік бойынша 68 жанұяға 2,84млн теңге, үйде оқытылатын мүгедек балаларға жәрдемақы бойынша 39 жанұяға 790 мың теңге, тағайындалып төленген. Сонымен қатар тұрғын көмегі бойынша 962 отбасына 47,8 млн теңге тағайындалып төленген. Басқада жүргізілген шаралар бойынша- мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жыл басынан бері 29160 дана міндетті гигиеналық жөргек таратылып, 10 кресло -қорап, 2 сағат, 1 көп жүйелі дабыл шығарғыш, 2 балдақ , 2 жетек арба, 1ұялы телефон берілді.

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы арқылы 1220 зейнеткерге ай сайын 57,2 млн теңге төленген , 574 адамға 18,8 млн теңге төленген. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2771 адамға 20, 2 млн теңге көлемінде төленіп отыр. Сонымен қатар, 1 жасқа дейінгі балалы 714 адамға 13,4 млн теңге , мүгедек балаға қарауға байланысты жәрдемақы 281 адамға 7,4 млн теңге ай сайын төленуде.

Жыл басынан бері жұмыссыздыққа тіркелгендер саны 384 адам, жұмыс іздеуші ретінде тіркелгендер саны 608 адам, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандары 52, қоғамдық жұмысқа жіберілгендері 6 адам және жастар практикасына орналасқандары 6 адам болса, жұмыс орнына қысқарған азаматтар саны 89 адам

Байқоңыр қаласы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі екендігі мәлім, ресеймен бірлесіп қаланың тіршілігін қамтамасыз етіп, ортақ жобалар мен бағдарламаларды іске асырып, жалға беру шартында бірлесіп жұмыс жасайды.

 1994 жылы халықаралық ғарыштық ынтымақтастық сұрақтарын кеңінен шешілуіне Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» кешенін жалға беру келісіміне қол қойылып, сол уақыттан бері ғарышалаңын бірлесіп пайдалану мақсатында бірнеше келісім жасасты.

Байқоңыр қаласы жалға беру шартымен жұмыс жасаса да, біз оның жетістікке жетуіне, әлеуметтік маңызды мәселелерін ескере отыра, абыроймен қарайтындығымызды ескере кеткен жөн.

Бірақ, қазіргі таңда біздің міндеттеріміздің шешілуі жөнінде қысқаша айтып өтсем. Қазақстан-Ресей үкіметаралық құрылған комиссиясы «Байқоңыр» кешеніндегі маңызды мәселелердің шешілу жолдарын қарастырады.

Құрылған комиссияның негізгі міндетінің бірі «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартында дұрыс жұмыс жасалуын қамтамасыз ету және Байқоңыр қаласының тіршілігін жақсарту мақсатында жұмыс жасау.

2017 жылы 12-13 маусымда Байқоңыр қаласында өткен ҮАК бесінші отырысында 10 мәселелер қаралды.

Ескере кетсек, ҮАК кезекті 5-ші отырысы туралы шешім тең төрағаларының 2016 жылы 2 желтоқсанда Астана қаласындағы отырысында қабылданды.

Анықтамалық: 2016 жылғы 7-8 шілдеде Мәскеу қаласында ҮАК "Байқоңыр" кешені бойынша төртінші отырысы өтіп, оның жұмыс тәртібіне Қызылодра облысының әкімі Қ. Е. Көшербаев қатысты.

Отырыста төрағалық еткен: Қазақстан жағынан, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.А.Сағынтаев, Ресей тарапынан РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Рогозин Д.О.

"Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуінің және бірлескен жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері, сондай-ақ "Байқоңыр" кешенін бірлесіп пайдаланудың Жол картасын жүзеге асыру, сонымен бірге, Байқоңыр қаласының, Торетам кентінің және Ақай аулдық округінің инфрақұрылымын дамыту, қосарланған салық салуды болдырмау, кешеннің объектілері мен мүліктерін сақтап қалу мәселелері талқыланды.

"Байқоңыр" кешенінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ұзаққа созылған проблемалардың себебінен туындаған жағдайдан шығуға Қазақстан мен Ресейдің басшылығы оңтайлы жолдарды іздеуге мәжбүр болды.

2016 жылдың соңында Мемлекет басшыларының қатысуымен «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Мамин мен Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Рогозин аралығында Байқоңырдағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықтың бағдарламалық құжаты болып табылатын "Байқоңыр" кешенінде одан әрі ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойылды.

Тұжырымдамаға сәйкес, алдағы уақытта "Байқоңыр" кешені Байқоңыр ғарыш айлағының инфрақұрылымын қолдау мен дамыту арқылы өркендеуге тиіс, Ресей мен Қазақстанның ұлттық ғарыштық, халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларының қажетті деңгейде іске асырылуына, бірлескен ғарыштық жобаларды, соның ішінде, «Бәйтерек» жобасы және Байқоңыр қаласының Ресей Федерациясының жалға алу шарты шеңберінде бірлескен ұзақ мерзімді даму бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау болады.

2016 жылдың 2 желтоқсаны мен ағымдағы жылдың 10 ақпанындағы "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметіаралық комиссиясының тең Төрағалары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Мамин мен Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Рогозинның тапсырмаларына сәйкес, тараптардың тиісті органдары Байқоңыр қаласының ұзақ мерзімді даму бағдарламасын әзірледі. Бірлескен жұмыс тобы құрылды. Басым бағыттар болып Байқоңыр қаласын газдандыру, қалалық су құбырлары мен сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта құру, «Байкоңурэуэнерго» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны ЖЭО табиғи газға көшіру  және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа бағыттарына көшу жұмыстары белгіленді.

Бағдарламаның жобасы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мүдделі мемлекеттік органдарымен уақтылы әзірленіп және келісілді.

"Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы, алдынғы кездесулерден айырмашылығы, екі сатылы тәртіпте өтті, яғни

"Байқоңыр" ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласының мәселелері бөлек қаралды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының 2017 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмыстар туралы

ЕСЕБІ

2017 жылғы 12-13 маусымда Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы шеңберінде Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Орынбасары Д.О. Рогозиннің Байқоңыр және Астана қалаларына сапары өтті. Онда келесі негізгі мәселелер қарастырылды.

Бірінші. «Бәйтерек» жобасы бойынша. Ресей тарапының ұсынысы бойынша перспективті ресейлік орта класты зымыран-тасығыштың 2022 жылы алғашқы ұшырылуын қамтамасыз етуді және жобаның іске асыру мерзімдерін жеделдетуді көздейтін жаңа тәсілдеме анықталды.

Екінші. Байқоңыр қаласы бойынша инфрақұрылымды, коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуды және тұрғындардың әлеуметтік проблемаларын шешуді көздейтін қаланы дамытудың бірлескен бағдарламасын 2017 жылдың соңына дейін қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Байқоңыр қаласын дамыту бағдарламаларын қаржыландыру механизмі келісілді.

Үшінші. Қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі ынтымақтастық.

- Зенит-зымыран кешендерінің және дүркіндете атудың реактивтік жүйелерін жаңғырту, Ми-35 тікұшақтарының ірі құрылғыларын құрастыру, пилотсыз ұшу аппараттарын бірлескен өндірісі, майдан авиациясы және кең көлемдегі тікұшақ техникасын жөндеу мен қызмет көрсету бойынша өңірлік авиациялық орталықтар құру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Энергетика және халық шаруашылығының қажеттіліктері үшін қуаттылығы 2-ден 20 МВт-қа дейінгі газтурбиналық генераторларды өндіру және әскери авиация қозғалтқыштарын жөндеу бойынша Орталықты құру мәселесі келісілді.

- Өңірлік тасымалдаулардың заманауи жүйесін дамыту үшін жақын магистральді жолаушылар ұшақтарын кастомизациялау (техникалық спецификацияларға сәйкес жинақтауды бітіру) Орталығын құру мәселесі қарастырылды.

Бұл ретте, Қазақстан Орталық Азия, Орта және Таяу Шығыс өңірлері үшін жоғарыда аталған жұмыстардың барлық түрлері бойынша негізгі серіктес ретінде қарастырылады.

Төртінші. Тараптар Ұлттық өнеркәсіпті нысаналы шабуылдардан қорғау үшін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірлескен ынтымақтастықтың жобаларын қарастырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының 2017 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстар туралы

ЕСЕБІ

1) "Байқоңыр" кешенінде орналасқан 14 объектіні жалдан шығару бойынша шешімге қол қойылды (алыс-беріс актісіне қол қою жұмыстары жүргізілуде);

2) "Байқоңыр" кешенінде туризм инфрақұрылымын дамытудың бірлескен Бағдарламасын іске асыру жұмыстары басталды;

3) "Байқоңыр" кешенінде одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасы аясында Байқоңыр қаласының дамуының бірлескен ұзақ мерзімді Бағдарламасының жобасы әзірленіп, келісу рәсімдері жүргізілуде;

4) "Байқоңыр" ғарыш айлағының персоналына медициналық қызмет көрсеті Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жалғастырылды;

5) Байқоңыр қаласының айналасында орналасқан 11,6 мың.га. жер учаскелерін жалдан шығарубөлігінде Жалға беру шартының 2-қосымшасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жалғастырылды;

6) "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысын өткізуге байланысты дайындық жұмыстар атқарылуда. 

Орындалған құжаттар

1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А. Маминнің 2017 жылғы қаңтар айындағы жұмыс сапары қорытындысымен берілген хаттамалық тапсырмалары

2)  "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысының хаттамалық тапсырмалары 

3)  "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысына дайындық жұмыстар туралы анықтамалар

4)  "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының тең төрағаларының кездесу хаттамалары (2016 жылғы 18 қазан (Мәскеу қ.) және 2016 жылғы 2 желтоқсан (Астана қ.)

Есепті мерзім ішінде басқармаға барлығы 721 құжат келіп түсті. Оның ішінде мемлекеттік тілде 714 құжат (99 %). Шығыс құжаттарының саны 316-ны құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілде дайындалғаны-287 (91%).

Құқықтық актілер туралы

2017 жылдың 1 тоқсанында басқарма басшысымен барлығы 46 бұйрық қабылданды, о.і. 41-і жеке құрам бойынша (тағайындаулар, іссапарлар, материалдық көмек көрсетулер) және 5-і негізгі құрам бойынша (құрылым бекіту, комиссиялар құру және т.б.).

Бұйрықтар қолданыстағы заң нормаларына сәйкес рәсімделген.

Нормативтік құқықтық актілердің мониторинг 

қорытындылары туралы

Облыс әкімдігімен қабылданған қаулыларға, басқармаға тікелей қатысы бар бөлігінде, басқарма тарапынан тұрақты түрде құқықтық мониторинг жүргізіліп келеді.

Мониторинг қорытындысымен ақпарат облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне уақытылы жолдануда.

2015 жылы басқарма жаңадан құрылған кезеңінде «Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №857 қаулысы қабылданып, осы уақытқа дейін тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп келген.

Облыс әкімдігінің 2016 жылдың 10 қараша күні №635 қаулысы қабылданып, мекеменің Ережесі жаңадан бекітілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасымен 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

- «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі 2014-2016 жылдарға аранлаған Жол картасы, оның ішінде Байқоңыр қаласын, Төретам кенті және Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамытудың  2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындау бойынша шаралар қабылданды. Кешенді жоспардың іс шарасына 6,8 млрд.теңгеден астам қаржы жұмсалды.

- 2016 жылдың 2 қарашасында «Байқоңыр» кешенінде туризмнің инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен Бағдарлама бекітіліп, қол қойылды.

- «Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы» ҚР мен РФ арасындағы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Келісімге өзгерістер енгізу, Байқоңыр қаласында қызмет атқаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізімін кеңейту бөлігінде және қосарланған салық салуды алып тастау туралы Хаттамаларға қол қойылды.

         2016 жылдың 1 тамызынан бастап облыстық медицина орталығының филиалы өз жұмысын бастады. Бірінші кезеңде күндізгі бөлім, терапия және оңалту бөлімдері қызмет атқаруда.

         2016 жылдың 26 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында Қазақстан және Ресей мемлекеттері президенттерінің кездесуі барысында «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасына ҮАК тең төрағалары қол қойды.

         Қазақстан Республикасы Байқоңыр қаласының дамуын қаржыландырудың тәртібі мен шарттарының жобасын қарау шеңберінде  Қаржы министрлігімен келісілген Қызылорда облысы әкімдігінің өкілдері және орталық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жиналыстар өткізілді.

         2009 жылғы 17 қарашадағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында «Байқоңыр» ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы ҚР Үкіметі және РФ Үкіметі арасындағы Келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Хаттамасына және 1994 жылғы 10 желтоқсандағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру Шартының №2 қосымшасына «Байқоңыр» кешенінің объектілерінің координаттарын анықтау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасы РФ мүдделі органдарымен келісу бойынша жұмыстар жалғасуда.

         Байқоңыр қаласында қоғамдық-саяси жағдайға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Оның тұрақтылығы бойынша шаралар уақытылы қабылданады.

         Байқоңыр қаласының өмірлік қамтамасыз ету жүйесі штаттық режимде жұмыс жасайды.

         2016 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша Байқоңыр қаласының мектеп түлектері 84,2 ұпай жинады, облыстық орташа  көрсеткіштің 82,7 ұпайы.

2016 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісі депутаттарының және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.

         «Инфракос» мекемесінде 118 алаңда объектілерді кәдеге жарату бойынша  және 131 объектіні сақтауда жұмыстар атқарылды.

         «Байқоңыр» кедендік бекетінің жұмысшыларымен мемлекеттік бюджетке 5,7 млн.теңгеден астам салықтар мен төлемдер жасалды.

         1081 отбасына 74 млн.теңгеден астам тұрғын үй жәрдемақысы, 85 адамға 3,7 млн.теңгеден астам әлеуметтік көмек, 1750 адамға 23 млн.теңгеден астам балалар жәрдемақысы төленді. Мүгедектерге 21 сағат, 4 телефакс, 13 тыңдау құралы, 5 планшет, 7 ұялы телефон, 80 мүгедектерге арналған кресло, 53 шипажайға жолдама берілді.

         Ағымдағы жылдың 10 айы бойынша 396 адам жұмыстан қысқартылу мүмкіндігі туралы хабарлама алды. Оның ішінде 208 адам жұмыстан босатылу сатысында басқа мекемелерге жұмысқа орналастырылды.

         Осы уақытқа дейін 188 адам жұмыстан қысқартылды (РФ-52, ҚР-136).

         Жұмыстан қысқартылғандардың жалпы санынан 132 адам есепке тұрды (РФ-34, ҚР-98).

         10 айда 264 адам жұмысқа орналастырылды, оның 6-уы 2016 жылы жұмыстан қысқартылғандар.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасымен 2016 жылдың III тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы есебі

        Басқарманың ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшілерінің қызметтерін қамтамасыз ету және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, жалдық жағдайда нақты қазақстан-ресей келісілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының құзіреттілігін және Байқоңыр қаласының аумағында тұрып жатқан ҚР азаматтарының конституциялық құқықтарын сақтаумен байланысты.

       Басқарманың құрылымы бойынша 3 бөлім бар: әкімшілік-құқықтық бөлім, саяси-әлеуметтік бөлім және негізгі мемлекетаралық бағдарламаларды жүзеге асыру және жалға беру шартының мониторингі бөлімі. Басқармада штат бойынша 12 қызметкер бар, оның 5-уі мемлекеттік қызметкерлер.

      Қазіргі уақытта кешенді іс-шараларды іске асыру бойынша берілген тапсырмалар жүзеге асырылуда:

      Қаладағы қоғамдық-саяси жағдай

      2016 жылы «Байқоңыр» кешенінің қызметін одан әрі қамтамасыз ету және Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыстар атқарылуда.

      Қазіргі уақытта қалада және кешенде қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

      Өмірлік қамтамасыз ету жүйесі және Байқоңыр қаласының коммуналдық қызметі тұрақты режимде жұмыс істейді және құқықтық тәртіптің деңгейін қолдау бойынша шаралар қабылдануда.

      Халықпен жұмыс

      Бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдау және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау бойынша жұмыстар атқарылуда.

      Ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында 11 азаматтың өтініші және жеке мәселе бойынша 10 азаматқа қабылдау жүргізілді.

     Сонымен қатар, ай сайын Байқоңыр қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі С.Қожанияязовтың жеке қабылдауы ұйымдастырылады.Есепті кезеңде 12 азамат жеке қабылдауда болып, мәселелерін арнаулы өкіл өзінің жеке бақылауына алды.

     Жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша азаматтардың өтініштерінің негізгі бөлігі жұмыссыздық, үймен қамтамасыз ету, қалада тіркеуге тұру, медициналық қызмет көрсету мәселелері болып табылады.

     Осыған байланысты, әр мәселе бойынша басқарма нақты шаралар қабылдауда.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасымен 2016 жылдың II тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы есебі

        Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының әлеуметтік-саяси бөлімі 2016 жылдың II тоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, Ю. А. Гагариннің Космосқа ұшуына 55 жыл, Ұлы Жеңістің 71 жылдығы, Чернобыль апатына 30 жыл толуына орай көптеген іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесулер, «Жастар ресурстық орталығы» КММ Байқоңыр қалалық бөлімшесімен бірге «Нақты 100 қадам» Ұлт Жоспарын насихаттау мақсатында студенттермен кездесулер, құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында кездесулер, жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында, жер мәселесіне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Ұшқын» мүгедектерді қорғау және жәрдем беру» қоғамдық бірлестігімен бірге «Мүгедектерге қамқорлық – әлеуметтік парызың» атты қайырымдылық кеш өтті.

        Әлемдегі қалыптасқан экономикалық жағдай бағдарламалар қатарын іске асыруды қысқартуға, оның ішінде ғарыштық және соған сәйкес, «Байқоңыр» ғарыш айлағын ұстап тұру шығындарын оңтайландыруға әкеп соқты. Осыны ескере отырып және алдағы уақытта «Восточный» ғарыш айлағын пайдалануға берілуі  ресей тарапымен мемлекеттік бюджетке жүктемені төмендету ғарыштық инфрақұрылымды ұстап тұру бойынша шаралар қабылдануда.  Осы мақсатта «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы құрылды, РФ Федералды ғарыштық агентствасынан ғарыштық инфрақұрылымды ұстап тұру және ғарыштық бағдарламаларды іске асыру бойынша негізгі қызметтері берілген.

Шығындарды оңтайландыру Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта қаланың бюджеті тек қазіргі тапсырмаларды шешуге жолданған және оның дамуы бойынша іс-шараларды қаржыландыруға қарастырылмаған. Соңғы үш жыл бойы Байқоңыр қаласының бюджеті өскен жоқ және 3,5 млрд.руб. жуық деңгейде қалуда. Осылай бола тұра, жылдан жылға бюджет тапшылығы өсуде, егер 2013 жылы ол 3,8 млн.руб. құраса, 2014 жылы- 50,4 млн.руб, 2015 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ол 118 млн. руб. құрады, яғни соңғы жылға тапшылық 234% өсті. Осылай бола тұра, қала тұрғындарының саны жыл сайын өсуде, орташа есеппен 1,5 мың адам (2012 жылы қала тұрғындарының саны 70426 адамды құраса, 2013 жылы 71727 адам, 2014 жылы 73127 адам, 2015 жылы 75200 адам).

        Коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі жалғасуда. 2012 жылды 2014 жылмен салыстырғанда орташа есеппен 22%-ға барлық коммуналдық қызметтерге тарифтер өсті. Жылу жүйесіне 30%, ыстық суға 25%, газбен жабдықтауға 25%-ға қызметтер өсті. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтер орташа есеппен тағы 12,5% өсуде.

Ресей бюджеті есебінен жалға алған уақыттан бастап бірде- бір әлеуметтік объектілер салынбаған және бұл объектілерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Бөлінген қаржы тек ғимараттарды жұмыс жағдайында ұстап тұруға ғана жұмсалып келеді.

       Тұрғын үй-коммуналдық кешенінің, оның ішінде тұрғын үй қорының жағдайы нашар күйде. Ішкіқалалық жүйелер мен жылу, электр және сумен қамтамасыз ету жүйелері де өте нашар күйде.

       Қаланың жұмыс істеуіне ерекше режим, яғни, қалаға кіріп шығу мәселесі, мүлікке жеке меншіктің болмауы және басқа да ерекшеліктер  тұрғындарды жұмыспен қамтуға және шағын бизнестің дамуына кері әсерін тигізуде.

Байқоңыр қаласының ұйымдары және мекемелерінде штат санының қысқаруы және жұмысшыларды жұмыстан босату жүргізілуде. Байқоңыр қаласының әкімшілігіне және Роскосмосқа қарасты кәсіпорындар 23,5 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуда, оның 12,5 мың адамы Қазақстан азаматтары.

Ресми мәлімет бойынша 2014 жылы жұмыстан босатылғандар саны 360 адамды құрады, оның ішінде 266 адам (73,9%) ҚР азаматтары.

        2015 жылдың аяғына дейін 1196 адамды қысқарту күтілуде, оның 900 (76%) Қазақстан азаматтары болып табылады.

        2015 жылы босатылған жұмысшылардың саны 464 адамды құрады. Оның ішінде 409 (89,0%) -ҚР азаматтары, 55 (11,0%)-РФ азаматтары.

Ағымдағы жылы Ғарыш инфрақұрылымының жердегі нысандарын пайдалану орталығында оңтайландырудың келесі кезеңі жоспарланып отыр. Жұмыстан босатылатындардың саны нақтылануда. Байқоңыр қаласының ерекше мәртебесінен жағдай қиындай түсуде, жұмыстан айырылған жағдайда азаматтар қалада тұру құқығынан айырылады, яғни жалғыз баспанасынан айырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасымен 2016 жылдың I тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы есебі

Байқоңыр қаласының дамуы

        Ресей тарапынан «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамту және жаппай қысқартуларды ұстау бойынша бағдарламалар қарастырылмаған.

        2015 жылдың басынан бастап 74 адам жұмысқа орналастырды, соның ішінде Ақай ауылдық округі және Төретам кентінінің әлеуметтік объектілеріне (мектептер, балабақшалар). Байқоңыр қаласындағы қиын жағдай Қармақшы ауданының әлеуметтік жағдайына кері әсер етуде, қала тұрғындарының айтарлықтай бөлігі «Байқоңыр» кешенінде жұмыс істейді және ауданнан өндірілетін өнімдерідің айтарлықтай бөлігі Байқоңыр қаласының базарында іске асырылады.

Ресей ұйымдарындағы шығындарды оңтайландыру шаралары негізінен қала тұрғындарының 62% құрайтын (қала тұрғындары 75 мың адам,оның ішінде ҚР азаматтары – 46,6 мың, РФ азаматтары-23,1 мың, басқа мемлекеттердің азаматтары- 2,5 мың адам) тұрғындардың қазақстандық бөлігінің мүдделерін қозғайды.

Жұмыстан қысқартылған Ресей Федерациясының азаматтары Ресейге қоңыс аударып кетуде, себебі қоңыс аудару мемлекеттік бағдарламасы аясында оларға тұрғын үй беріледі. Ал, Қазақстан азаматтарына мұндай мүмкіншілік берілмеген. Қазақстан азаматтары басқа аймақтар немесе облыстардан жұмыс іздеуге ниет білдірмейді, себебі, тұрғылықты жерінен есептен шығып кетсе Байқоңыр қаласы әкімшілігімен уақытша пайдалану құқығымен берілген жалғыз баспанасынан айырылады.

        Бұл фактор Қазақстан азаматтарының қалада қалуының және жыл сайын халық санының өсуінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Осы мәселені  шешу үшін орынды белгіленген тәртіпте Байқоңыр қаласының жұмыстан қысқартылған азаматтарын облыстың басқа аудандарына немесе республиканың аймақтарына баспанасымен «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы бағдарламасы аясында азаматтарды жұмыс орындары көп аудандардан еңбек тапшылығы орын алатын аудандарға көшіру мүмкіндігін қарау.

        Ағымдағы жағдай «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясымен бұрыңғы деңгейде қаржыландыра алмауы, ал Қазақстанның заңды құзыреттілігінің болмауынан Байқоңыр қаласында тұратын өз азаматтарының конституциялық құқықтарын толық көлемде қамтамасыз ете алмауы жағдайында халықтың қазақстандық бөлігінің ресейлік органдарының әрекеттеріне наразылық тудыруы және азаматтық сипат бойынша тұрғындардың бөлінуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

        2015 жылғы 26-27 қараша күндері Мәскеу қаласында «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысы өткізілді. Отырыста 5 жыл бойы пайдаланылмай келген перзентхана базасында қазақстандық медициналық мекеме ашу және Байқоңыр қаласы маңындағы жалпы алаңы 11,6 мың гектар жер учаскесін Роскосмостан жалдан шығару туралы шешім қабылданды.

«Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысының қорытындысы бойынша (2015 жылғы 27 қараша Мәскеу қаласы) «Байқоңыр» кешенінде ұзақ мерзімді ынтымақтастық тұжырымдамасын дайындау туралы келісімге қол жеткізілді. Осы шешімді орындау барысында ресей тарапы 2025 жылға дейін «Байқоңыр» ғарыш айлағын дамыту Тұжырымдамасының жобасын ұсынды. (әрі қарай-Тұжырымдама).

         Жалға алу келісім шартына бөлек Келісімге қол қою жолымен Байқоңыр қаласын бірігіп дамыту үшін тараптардан  жауапкершілікті бекіту қажет. Сонымен қатар Қазақстан тарапы Кешеннің меншік иесі ретінде 2025 жылға дейін Ресей Федерациясының жалға алу жағдайында қалада тұратын өзінің азаматтарының Конституциялық құқықтарын толық көлемде қамтамасыз ету үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысы, инжернерлік және әлеуметтік инфрақұрылым, шағын және орта бизнес обьектілерін дамытуға жауапкершіліктің үлкен бөлігін өзіне ала алады. Ал 2026 жылдан Байқоңыр қаласын толығымен  Қазақстанның құзіреттілігіне ауыстыру Ғарыш айлағын Жалға алу мерзімінің аяқталуына дейін жалға қалдыру. Осы ұсыныс ағымдағы жылдың 5-7 сәуірінде Астана қаласында біріккен жұмысшы топтың отырысында қаралатын болады.

         Жұмыс нәтижесі 2016 жылдың мамыр-маусым айларына жоспарланған кезекті «Байқоңыр» кешені жөніндегі Үкіметаралық комиссия отырысы барысында қаралатын болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасымен 2015 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп

         Қазақстан Республикасының заңдық құзыретiн және Байқоңыр қаласының аумағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын сақтауға байланысты қазақстандық-ресейлiк уағдаластықтарында айқындалған мәселелер бойынша «Байқоңыр» кешенiнде мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң келiсiп жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында басқармамен 2015 жылы мақсатты жұмыстар атқарылды.

Байқоңыр қаласы аумағындағы ҚР және РФ ұйымдары мен мемлекеттік органдардың ынтымақтастығы

          Бүгінгі күні басқарма Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге ықпал ету және қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарымен ынтымақтасады, әлеуметтiк және экономикалық жағдайға талдау жасайды, «Байқоңыр» кешені бойынша  екі жақты қолданыстағы нормативті құқықтық базаны талдайды және заңды және жеке тұлғалардың арнаулы өкілге азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталмау мәселелері бойынша өтініштерін қарайды.

Мемлекеттік бағдарламалар мен даму жоспарларын іске асыру

2014-2016 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі  Жол картасы

           2014-2016 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенін бірлесе пайдалану жөніндегі  Жол картасы 2013 жылдың 24 желтоқсанында «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Б.Сағынтаев және И.Шуваловпен бекітілді.

          Осы құжаттарға сәйкес ҚР және РФ мүдделі мемлекеттік органдарымен жұмыстар жүргізілуде.

          Жол картасы шеңберінде 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Байқоңыр қаласының қазақ тілінде оқытылатын 6 мектеп пен 1 балабақша қазақстандық білім беру стандарттарына көшкенін атап өткен жөн.

Байқоңыр қаласын, Төретам кентін және Ақай ауылдық округін әлеуметтiк  экономикалық дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспары

        Байқоңыр қаласын, Төретам кенті және Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспары 2014 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысы мәслихатымен бекітілді.

        Жоспарда барлығы 35 тармақ.

        Оның іске асуына 6350,8 млн.теңге қарастырылған.

        Оның ішінде:   

        - мемлекеттік бюджеттен-1560,5 млн.теңге;

        - облыстық бюджеттен-2140,7 млн.теңге;

        - аудандық бюджеттен-37,6 млн.теңге;

        - кәсіпкерлер мен ұйымдардың меншік қаражатынан-2612,0 млн.теңге.

«Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссия

        «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан Ресей Үкіметаралық комиссиясының 2-ші отырысы (әрі қарай-ҮАК) 2014 жылы 24 қазанда Байқоңыр қаласында өткізілді.

        ҮАК 2-ші отырысының тапсырмаларын орындау барысы туралы (Байқоңыр қаласы)

        Үкіметаралық комиссиясының 2-ші отырысының күн тәртібіне барлығы 17 мәселе енгізілді.

        «Байқоңыр» кешенін бірлесе пайдалану бойынша Жол картасының орындалу барысы, сондай-ақ Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кейбір аспектілері қаралды.

         Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Б.А.Сағынтаевтың 2015 жылғы 2 ақпандағы №12-38/519 тапсырмасына сәйкес хаттамалық тапсырмаларды іске асыру бойынша шаралар қабылданды. Тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпараттар мерзімді, уақытында Қазақстан Республикасының инвестиция және даму Министрлігіне (№1490-Д/05/1-4//12-38/519) жолданды.

         Хаттамалық тапсырма бойынша Қызылорда облысы әкімдігі 6 тармақ бойынша (п.п. 2.2, 2.4, 2.5, 2.12, 3.1 және 3.2) орындаушысы болып табылады.

Байқоңыр қаласын, Төретам кенті және Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамытудың  2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді.

         2014 жылы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі және Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласындағы білім мекемелерін (6 мектеп және балабақша) беру туралы Келісімге қол қойылды, келісімге сәйкес 2015 жылы 1 қыркүйекте қазақстандық білім беру стандарттарына көшу жүзеге асырылды.  Алыс-беріс актісіне қол қойылды.

         Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлеріне Байқоңыр қаласының энерго жабдықтау объектілеріне кіру қамтамасыз етілген.

ҮАК 3-ші отырысының тапсырмаларын орындау барысы туралы (Мәскеу қаласы)

         «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан Ресей Үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысы (әрі қарай-ҮАК) 2015 жылы 27 қарашада Мәскеу қаласында болды.

         «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан Ресей Үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысының хаттамасына сәйкес кезекті 4-ші отырысты Қызылорда қаласында мамыр-маусым айларында өткізу жоспарлануда.

         Қазіргі уақытта хаттамалық тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі С.Қожаниязовпен  «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысының хаттамалық тапсырмасын орындауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспары бекітілді. Тиісті тапсырмалар берілді.

Халықпен жұмыс

          «Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2015 жылғы 18 наурыздағы №1/1 бұйрығымен азаматтарды қабылдау, сонымен қатар осы мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің кестесі бекітілді.

          Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстар  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы на сәйкес жүргізіледі.

          Есепті кезеңде келіп түскен өтініштер:

         -жеке тұлғалардан жазбаша түрдегі өтініштер-28

         -заңды тұлғалардан жазбаша түрдегі өтініштер-5

         -Байқоңыр қаласының әкімшілігіне жолданған ходатайствалар-12

         -қабылдауда болған азаматтар саны-60

         Азаматтардың өтініші бойынша мониторинг нәтижелері:

         -жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша-14

         -әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі бойынша-5

         -медициналық көмек көрсету мәселесі бойынша-3

         -тұрғын үй беру мәселелері бойынша-13

         -азаматтарды тіркеу мәселелері бойынша (тұрақты және уақытша тіркеу)-2

         -Несие беру мәселелері бойынша-5

         -Басқалары-18.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 09-04-2018 10:23

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика