«Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы»  мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз етуге Қызылорда облысының әкімдігі уәкiлеттiк берген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарма мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

Басқарманың қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

Басқарманың атауы: «Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Пошта индексі: 468320

Мекен-жайы:  Байқоңыр қаласы, Абай даңғылы, 16.

Телефон/факс: 8 (33622) 7 50 30; 

Сенім телефоны: 8 (33622) 7 50 30

Электрондық пошта: spprk@korda.gov.kz 

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 13-09-2019 11:44

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика