Қызылорда облысының мемлекеттік архиві қорынан
 
«Теңіз флотының үздік капитаны – А.Е.Коновалов»
 
Арал теңізі «Коммуна» теплоходының, КСРО теңіз және өзен флотының үздік капитаны, Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері А.Е. Коноваловтың туғанына 120 жыл толуына орай Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің  қор құжаттарынан «Теңіз флотының үздік капитаны – А.Е.Коновалов» тақырыбында көрме дайындалды. 
Көрменің мақсаты теңіз флотының үздік капитаны А.Е.Коноваловтың өмірі мен еңбек жолын көпшілікке таныстыру, жас ұрпақты патриоттыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
А.Е.Коновалов 1899 жылы Астрахан облысының кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1902 жылы Коноваловтар отбасы Ақтөбе облысы Владимиров ауылына қоныс аударып, әкесі жергілікті көпестерге жалдамалы балықшы болып жұмыс істеді. Олардың отбасында 5 ұл, 1 қыз болды. 1911 жылы Қарақалпақстанның Мойнақ ауданы Үшсай ауылына көшіп келеді. 
А.Е.Коновалов 1918-1922 жылдары азаматтық соғысқа қатысып, ІІІ Түркістан атқыштар полкінің қызыл армия қатарында болды. Соғыстан кейін балықшылық кәсібіне қайта оралып, 1924 жылы «Лейтенант Шмидт» теплоходына матрос болып қабылданады. 1930 жылдан Арал теңізі порты, 1941 жылдан «Коммуна» теплоходында капитан болып үздіксіз қызмет жасады. Ол өз білімі мен күш-жігерін елдің халық шаруашылығын дамытуға жұмсады. Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін», Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерлік еңбегі үшін» мерекелік медалдарымен марапатталған. 1950 жылы КСРО өзен флотының ең үздік капитаны болды. 1966 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты. А.Е.Коновалов Орта Азия флотының ардагері.
Көрмеге архив қорындағы А.Е.Коноваловтың жеке тектік қор құжаттарынан Құрмет грамоталары, теңіз флоты Министрлігінің Үздік капитаны атағын беру туралы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Ленин» орденімен наградтау туралы жарлығы, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерлік еңбегі үшін» медалімен марапаттау туралы қаулылар, кәсіподақ билеті, Арал ауданының кеме қатынасын қадағалау мекемесіне ағаш ұстасы болып қабылдануы, А.Г.Коноваловқа 9 разряд беру туралы Арал су жолы техникалық учаскесінің бұйрығы, өзен флотының командирі куәлігі, А.Е.Коноваловтың отбасымен, Арал порты қызметкерлерімен, капитандармен бірге түскен суреттері және т.б. құжаттар іріктеліп қойылды.  
  Арал теңізі «Коммуна» теплоходының капитаны А.Г.Коновалов А.Г.Коноваловтың кәсіподақ билеті

А.Г.Коноваловтың Арал ауданы кеме қатынасын қадағалау мекемесіне

 ағаш ұстасы болып жұмысқа қабылдануы туралы бұйрық, 24.12.1926 ж. 

А.Г.Коноваловқа 9 разряд беру туралы Арал су жолы техникалық учаскесінің бұйрығы, 26.06.1927ж.
А.Г.Коноваловтың Өзен флотының ІІ-разрядты штурманы  куәлігі, 22.08.1934 ж.  Арал параходшылығының партиялық-шаруашылық активі, 1939 ж.
А.Г.Коновалов «Арал теңізі» портының жұмысшыларымен бірге «Коммуна» теплоходының палубасында, 1941 ж. А.Г.Коноваловқа КСРО Одағының өзен флотын дамыту мен нығайту бойынша тапсырмаларды табысты орындағаны үшін КСРО Өзен флоты Министрлігінің Құрмет грамотасы, 31.01.1947 ж.

 

 

«Коммуна» теплоходының капитаны А.Г.Коноваловқа ІІІ-класты Өзен флотының капитаны атағын беру туралы бұйрық, 01.09.1947 ж. А.Г.Коновалов «Коммуна» теплоходының экипажымен бірге, 1948 ж. 
А.Г.Коновалов командирлер құрамымен Чарджоу қаласында(1 қатар солдан оңға қарай 5-ші), 1949 ж. А.Г.Коновалов отбасымен бірге, 1954 ж. 
  А.Г.Коновалов Сочи қаласында, 1955 ж.
   
«Коммуна» теплоходының  атқарған жұмысы туралы А.Е.Коноваловтың баяндау хаты,  1956 ж.  
А.Г.Коноваловтың Тәжікстан Республикасы Чарджоу қаласындағы Өзен техникумының 4 курсына қабылдау туралы өтініші, 03.06.1956 ж.  
А.Г.Коноваловқа Теңіз флоты Министрлігінің Үздік капитаны Құрметті атағын беру туралы куәлігі, 1958-1959 жж. «Арал теңізі» портының қызметкерлері Арал қаласындағы 7 қараша Ұлы Октябрь Социалистік революциясы  күніне орай мерекелік шеруде, 07.11.1959 ж.
  «Коммуна» теплоходының капитаны А.Г.Коноваловты Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы жарлығы, 08.08.1959 ж.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Ортаазиялық пароход шаруашылығы теплоходының капитаны А.Г.Коноваловты «Ленин» орденімен наградтау туралы жарлығы, 03.08.1960 ж. А.Г.Коновалов «Арал теңізі» портының «Коммуна» теплоходы  қызметкерлерімен бірге, 1965 ж.
   
  А.Г.Коноваловтың 70 жылдық мерейтойына құттықтаулар.  
А.Г.Коноваловтың В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерлік еңбегі» үшін мерекелік медалімен марапаттау туралы қаулы, 26.03.1970 ж. «Арал теңізі» портының қызметкерлері 1 мамыр еңбекшілердің Халықаралық ынтымақтастық  күніне орай мерекелік шеруінде, 1970 ж.
А.Г.Коновалов капитандармен «Коммуна» теплоходында , 1970 ж. А.Г.Коновалов Волгаград қаласы  Мамаев Қорғанындағы  «Отан ана» ескерткішінің алдында, 1974 ж.
 

А.Г.Коноваловтың «Достықпен нұрланады өміріміз»  атты мақаласы,

«Толқын» газеті №65, 29.05.1982 ж.

 
   

 

Құрылған күні: 23-04-2019 09:04
Жаңартылған күні: 26-04-2019 17:33

Сұрақ қою

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика