Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2019 жылғы 6 айындағы атқарылған жұмыстары жайлы 
МӘЛІМЕТІ
 
Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады.
Қазыргі таңда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 29,0 пайызға көтеріліп, 231 613 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі таңда мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 120,5 млн. теңге бөлініп, 282 спорт нұсқаушысы 138 елді мекенді қамтып, 41 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны 23 058-ге жетіп, 15,0 пайызды құрап отыр.
Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – жарыстарды көптеп өткізіп, халықты спортқа тарту.
Осы мақсатта облыс аумағында 2019 жылдың І-ші жартыжылдығында 712 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 125 755 адам қатысты 
Соның ішінде мектеп оқушыларының арасында «Нашақорлыққа жол-  ЖОҚ!» Бәріңде жарысқа!» атты көңілді эстафета 8000-ға жуық оқушының қатысуымен және ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту мақсатында қазақ күресінен «Алтын белбеу» турниріне 6000-нан аса спортшы қатысты. 
Әртүрлі деңгейдегі Спартакиадалар, кешенді жарыстар және т.б. облыстық, республикалық турнирлер ұйымдастырылып, халықты салауатты өмір сүруге және спортқа тарту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, футболды дамыту мақсатында алтыншы жыл қатарынан қала мен аудандарда бес ай бойы (мамыр – қыркүйек) әр аптаның сенбі күндері футболдан облыстық чемпионат өткізілуде. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында шағын-футбол лигасы мамыр-қазан айлары аралығында ұйымдастырылуда, шараға 41 команда, 615 жастар тартылды. Сонымен бірге, дәстүрлі бұқаралық веломарафон және жүгіру маусымы жалғасуда.
Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында осы жылдың қаңтар айында облыста 5 жоба іске қосылды. Олар Жалағаш ауданы Таң ауылында, Жаңақорған ауданында Жаңақорған кенті мен Сүттіқұдық ауылында, Шиелі ауданында Бестам, Төңкеріс ауылдарында дене-шынықтыру сауықтыру кешендері пайдалануға берілсе, сонымен қатар, 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, 2018 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп орталық стадионға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдың шілде айында қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілетін болады.
Өткен жылы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен шұғылдануға тарту және оңалтуға бағытталған әлеуметтік жоба аясында 24 жаттықтырушы 11 спорт түрінен 318 адамды жаттығуға тартып, жұмыс жасады. Оған облыстық бюджеттен 65,5 млн.теңге қаралды.
Биылғы жылы қаңтар айында, «Мүгедектерге арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, спортпен шұғылдануға мүмкіндігі шектеулі жандардың барлық санатына қызмет көрсетіп, жоғары білікті спортшыларды даярлау жұмыстарын жалғастыруда.
Бұқаралық спортты дамыту мен қатар бәсекеге қабілетті біліктілігі жоғары спортшыларды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. 
Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжі, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Бұл мектептерінде 20597 оқушы 41 спорт түрімен жаттығады. 
Сонымен қатар, бүгінгі күні 7 аудан орталығында және Қызылорда қаласында 8 дене шынықтыру-сауықтыру клубтарында 11789 адам тұрақты спортпен шұғылданады.
2019 жылдың І-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, спортшыларымыз ҚР чемпионаттарында 907 (272 - алтын, 248 - күміс, 387 - қола) медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 48 (17 - алтын, 19 - күміс, 12 - қола) медальдарға қол жеткізді. 
1 - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 5 - ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 18 – ҚР-ның спорт шебері, 646 – Спорт шеберлігіне үміткер, 110 – І-ші cпорттық разрядты спортшылар дайындалса, облыстың 578 спортшысы ҚР Ұлттық құрама сапына енді.
Есепті кезеңде спорт түрлерінен 16 Қазақстан Республикасы чемпионаттары (бокс (жасөспірімдер), гандбол (жасөспірімдер), гандбол (әйелдер), көкпар (жасөспірімдер), муайтай, тоғызқұмалақ, ауыр атлетика, шайбалы хоккей, гандбол (әйелдер), спорттық би, бокс (ерлер), әмбебап жекпе-жек, тоғызқұмалақ (ардагерлер), кикбоксинг, шахмат, дзюдо), 8 халықаралық және 25 республикалық турнир өткізілді.
2019 жылдың наурыз айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында Сәпи Есенгелді және Бекболат Рахат жеңімпаз атанса, Жапонияның Токио қаласында каратэдодан ерлер арасында Ақпанбет Нұржан және Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан Тұрсынбаева Элизабет Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.
А.ж. сәуір айында Түркияның Анталия қаласында шахматтан өткен оқушылар арасында Әлем чемпионатында Нұрғали Назерке чемпион атанаса, мамыр айында Жапонияның Токио қаласында пауэрлифтингтен өткен Әлем чемпионатында Каналбеков Фархад жеңіске жетті. 
Сонымен қатар, «Қайсар» футбол командасы Премьер-Лига командалары арасында ҚР Чемпионатында а.ж. 30 маусымындағы нәтижесі бойынша, 16 ойыннан 30 ұпай жинап, 5 орынға тұрақтады. 
Басқарманың 2019 жылға бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаржы көлемі 9 871,6 млн.теңгені құрайды, оның ішінде төлемдер бойынша үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне 5 445,3 млн. теңге жоспарланып, 100 пайызға игерілді.
Спорт саласы бойынша алдағы кезеңде шешімін табуы тиіс мәселелер:
1. Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарына енгізілген 5 (бес) дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің (Тасбөгет, Жосалы, Ақай, Жалағаш, Шиелі кенттері) жоба-сметалық құжаттамасын дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу;
2. Қызылорда қаласындағы «Теннис орталығы» ғимаратының 4 ашық теннис кордын жабық күйге көшіру құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау үшін қосымша қаржы бөлу (құрылыстың жалпы сметалық құны – 196 000,0 мың теңге, 2018 жылы 40 000,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді, қажетті қосымша қаржы – 156 000,0 мың теңге); 
3. Басқармаға бағынысты №6 ООРМБЖМ КММ-нің теңгеріміндегі «Локомотив» стадионына күрделі жөндеу жүргізу (жоба-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған, қажетті қаржы 384 000,0 мың теңге);
4. Ғ. Мұратбаев атындағы «Орталық стадион» ғимаратына футболдан ҚР Премьер-Лига ойындары өткізілу барысында үздіксіз қуат көзімен қамтамасыз ету мақсатында резервтік генератор құрылғысын сатып алу (қажетті қаржы – 14 269,0 мың теңге).

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының

2018 жылғы 12 айындағы ақпараты

Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол – тұрғындардың тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады.
2018 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 28,3 пайызға көтеріліп, 224 382 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі таңда мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс аясында 282  спорт-нұсқаушылары 138 елді мекенде 41 760 адам спортпен шұғылдандыруда. 
2018 жылы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны 14,5 пайызға жетіп, 22 273 оқушыны құрап отыр. 
Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 22 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 19 805 оқушы 40 спорт түрімен шұғылданады. 
Осы мақсатта облыс аумағында 2018 жылы 1 596 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 450 324 адам қатысты. 
Соның ішінде мектеп оқушыларының арасында «Нашақорлыққа жол-ЖОҚ!» Бәріңде жарысқа!» атты көңілді эстафета 8000-ға жуық оқушының қатысуымен және ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту мақсатында қазақ күресінен «Алтын белбеу» турниріне 6000-нан аса спортшы қатысты. Сондай-ақ, әртүрлі деңгейдегі спартакиадалар, кешенді жарыстар және т.б. облыстық, республикалық турнирлер ұйымдастырылып, халықты салауатты өмір сүруге және спортқа тарту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.
Cондай-ақ, футболды дамыту мақсатында алтыншы жыл қатарынан қала мен аудандарда 5 ай бойы (мамыр – қыркүйек) әр аптаның сенбі күндері футболдан облыстық чемпионат өткізілуде. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында шағын-футбол лигасы мамыр-қазан айлары аралығында ұйымдастырылуда, шараға 41 команда, 615 жастар тартылды. Сонымен қатар, дәстүрлі бұқаралық веломарафон және жүгіру маусымы жалғасуда. 
2018 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының тестілеріне 208 347 облыс тұрғындары қатысып, 264 – адам Президенттік деңгейді, 4 054 - адам  Ұлттық деңгей және 41 580 - адам Бастапқы деңгей нормативтерін орындады.
Облыста дене шынықтыру және спортты дамыту саласында өз күштерін біріктіру мақсатында 41 спорт федерацияларымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қызылорда қаласы мен аудандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спорт түрлерінен қолдау мақсатында 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып келеді. Бұл мақсатқа 
2018 жылы 65,5 млн.теңге қаралған. Жобаның басты міндеті мүмкіндігі шектеулі жандарды толыққанды қоғам өміріне қатыстыру және оларды дене шынықтыру мен спорт құралдары арқылы әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды жүзеге асыру. Жоба аясында 24 жаттықтырушы 11 спорт түрі бойынша (отырып ойнау волейболы, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, жеңіл атлетика, үстел теннисі, шағын-футбол, пауэрлифтинг, парадзюдо, арбадағы би) 316 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жаттығады. 
Нәтижесінде, Джакарта қаласында (Индонезия) мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен III Паразиада ойындарында парадзюдошы 
А. Тұрымбетов 2 орын иемденсе, отырып волейбол ойнаудан ұлттық құрама сапында Э. Қасқабаев, Ш. Медеуов және А. Манабаев 3 орын ниеленді.
Спортшыларымыз 2018 жылы ҚР чемпионаттарында 441 - алтын,  
421 - күміс, 481 - қола медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 47 - алтын, 43 - күміс, 41 - қола медальдарға қол жеткізді.
Спортшылардың 8 - «ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 62 – «ҚР-ның спорт шебері», 1 073 – «Спорт шеберлігіне үміткер», 307– «1-ші cпорттық разряд», 40 – «1-ші санатты» нормативін орындаса, облыстың 470 спортшысы ҚР Ұлттық құрама сапына енді. 
Есепті кезеңде спорт түрлерінен 15 ҚРЧ (волейбол, ауыр атлетика, рукопашный бой, самбо, каратэ, шайбалы хоккей, велоспорт, әмбебап жекпе-жек, әскери крос, спорттық би, волейбол (ерлер), ушу саньда, бокс, волейбол (жасөспірімдер), көгалдағы хоккей) 5 халықаралық және 35 республикалық турнир өткізілді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, Д. Бахрадин Буэнос-Айрес қаласында (Аргентина) Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында байдарка мен каноэде есуден чемпион атанса, Халкидики қаласында (Греция) шахматтан жасөспірімдер арасында Ә. Серікбай Әлем чемпионы атанды.
Будапешт қаласында (Венгрия) Әлем чемпионатында грек-рим күресінен А. Сұлтанғали мен Джакарта қаласында (Индонезия) өткен Жазғы Азия ойындарында байдарка мен каноэде есуден М. Медетов қола жүлделерге ие болды.
«Қайсар» футбол командасы Премьер-Лига ҚР Чемпионатында 5 – орынды иеленді. 
Биыл облыстық бюджеттен 7 елді мекенде, Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Мұз айдыны» спорт кешенінде ашық жүзу бассейні салынды.
Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) аясында 2017 жылы Қызылорда қаласында «Тарлан» СК және «Мерей» мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру жобасы іске қосылып, жоба аясында 1400-ге тарта баланы спортпен қамту жүзеге асырылды. Сонымен бірге, МЖӘ аясында Шиелі ауданының Ақмая және Алғабас ауылдарынан дене-шынықтыру сауықтыру кешенін жалға алу жобалары іске қосылды.
2018 жылы МЖӘ аясында облыста 5 – жоба Жалағаш ауданында Таң ауылдық округінде, Жаңақорған ауданында Жаңақорған кенті мен Сүттіқұдық ауылдық округінде, Шиелі ауданында Бестам, Төңкеріс ауылдық округтерінде дене-шынықтыру сауықтыру кешендерін жалға алу іске асырылды.
Спорт саласына облыстық бюджеттен 2018 жылы ағымдағы шығындарға 7357,9 млн. теңге, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 202,9 млн. теңге  бөлініп, толығымен 100 пайызға игерілді.
Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2018 жылдың 12 айында бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша жоспарланған қаржы 7 560 808,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде игерілген қаржы 7 560 735,3 мың теңге, 100 пайызға орындалды.
Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2018 жылдың 12 айына жалақыға және коммуналдық төлемдерге қарыздар қалыптаспаған.
2018 жылдың 12 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 57 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 41 өтініш келіп түссе, заңды тұлғалардан - 16 өтініш түскен. Веб-портал арқылы - 8 өтініш келіп түскен. Барлық түскен өтініштер қаралып, өз мерзімінде орындалып, өтініш иелеріне жауап жолданды. 
2018 жылдың 12 айында басқармада кіріс құжат саны – 5377, оның ішінде қазақша – 5080. Шығыс құжаттар саны- 4460.

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының
2018 жылғы 9 айындағы ақпараты
 
Жыл басынан, спорт түрлерінен жоғары білікті спортшылар дайындау үшін 234 оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, оған 2358 спортшы және 302 халықаралық, республикалық жарыстарға 2540 облыс спортшылары қатысты. 
2018 жылдың 9 айында облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 396 – алтын, 372 – күміс, 410 – қола медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 37 – алтын, 23-күміс, 27 қола медальдарға қол жеткізді.
40 спортшы – «ҚР-ның спорт шебері», 832 спортшы – «Спорт шеберлігіне үміткер». 
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына 470 облыс спортшылары енді.
Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны – 211 271 адам, жалпы тұрғындар үлесінің 27 пайызын құрайды. Облыста бұқаралық спортты жандандыру, спорттық бұқаралық қозғалысты ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттен 120 млн.теңге бөлініп, 282 спорт нұсқаушы 138 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. 
Бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2018 жылдың 9 айында 1108 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 194 797 адам қатысты. 
Қазақстан Республикасының ауыл жасөспірімдерінің ІІ жазғы ойындары 2018 жылғы 15-21 тамыз аралығында 10 спорт түрі (дзюдо, қол добы, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шағын футбол, грек-рим күресі, еркін күрес, таеквондо, асық ату, волейбол) бойынша еліміздің 14 облысынан 1208 спортшының қатысуымен өткізілді. 
Облысымыздың намысын қорғауға Қызылорда облысының аудандарынан барлығы 107 спортшы қатысты.
2018 жылғы 18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Джакарта қаласында (Индонезия) өткен жазғы Азия ойындарына облысымыздан 9 спорт түрі (байдарка және каноэде есу, каратэ-до, таеквондо, қол добы, кураш, стенд ату, самбо, велоспорт, көгалдағы хоккей) бойынша барлығы 18 спортшы қатысып нәтижесінде байдарка мен каноэде есуден Медетов Мерей жазғы Азия Ойындарының қола жүлдегері атанды.
Үстіміздегі жылдың 26-29 шілде аралығында Байқоңыр қаласында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін VI халық спорты ойындары өтті.
Ойындарды өткізудің мақсаты ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын асыру және қыркүйек айында Ақтау қаласында өтетін республикалық кезеңіне қатысатын облыс құрамасын жасақтау.
Ойындар 13 спорт түрлерін біріктірді, барлығы 1224 спортшы қатысты.
Жалпы командалық есепте Қызылорда қаласы I орын, Жаңақорған ауданы II орын, Байқоңыр қаласының спотшылары III орын иеленді.
Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2018 жылдың 9 айында бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша жоспарланған қаржы 6 075 890,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде игерілген қаржы 6 073 024,0 мың теңге, 100 пайызға орындалды.
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2018 жылдың 9 айына жалақыға және коммуналдық төлемдерге қарыздар қалыптаспаған.
2018 жылдың 9 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 36 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 29 өтініш келіп түссе, заңды тұлғалардан - 7 өтініш түскен. Веб-портал арқылы - 5 өтініш келіп түскен. Барлық түскен өтініштер қаралып, өз мерзімінде орындалып, өтініш иелеріне жауап жолданды. 
2018 жылдың 9 айында басқармада кіріс құжат саны – 3942, оның ішінде қазақша – 3036. Шығыс құжаттар саны- 2959.

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2018 жылғы І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары
Жыл басынан, спорт түрлерінен жоғары білікті спортшылар дайындау үшін 169 оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, оған 1768 спортшы және 212 халықаралық, республикалық жарыстарға 1814 облыс спортшылары қатысты. 
2018 жылдың І жартыжылдығында облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 295 – алтын, 272 – күміс, 321 – қола медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 18 – алтын, 23-күміс, 10 қола медальдарға қол жеткізді.
17 спортшы – «ҚР-ның спорт шебері», 676 спортшы – «Спорт шеберлігіне үміткер».                    
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына 395 облыс спортшылары енді.
Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны – 211 271 адам, жалпы тұрғындар үлесінің 27 пайызын құрайды.Облыста бұқаралық спортты жандандыру, спорттық бұқаралық қозғалысты ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттен  120 млн.теңге бөлініп, 282 спорт нұсқаушы 138 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды  тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. 
Бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2018 жылдың І жартыжылдығында 686 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 121 602 адам қатысты. 
Жасөспірімдердің арасында ауқымды іс-шаралары болып табылатын «Бәріңде жарысқа»  «Нашақорлыққа-жол жоқ» атты көңілді старттарын өткізу дәстүрлі түрде өтіп, оған 1-11 сынып оқушылары жарыс жолына түсті. Аталған шара, үш кезеңнен ауылдық, аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерінен өтіп, барлығы 8000-ға жуық жасөспірімдер тартылды. 
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2018 жылдың І жартыжылдығында бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша жоспарланған қаржы 4 285 419,9 мың теңгені құрайды. Оның ішінде игерілген қаржы 4 285 021,6  мың теңге 100 пайызға орындалды.
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2018 жылдың І жартыжылдығында жалақыға және коммуналдық төлемдерге қарыздар қалыптаспаған.
2018 жылдың І жартыжылдығында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 25 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 22 өтініш келіп түссе, заңды тұлғалардан - 3 өтініш түскен. Веб-портал арқылы  - 4 өтініш келіп түскен. Барлық түскен өтініштер қаралып, өз мерзімінде орындалып, өтініш иелеріне жауап жолданды. 
2018 жылдың І жартыжылдығында басқармада кіріс құжат саны – 2703, оның ішінде қазақша – 2148. Шығыс құжаттар саны- 2227.
 

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының
2018 жылғы І-ші тоқсандағы  атқарылған жұмыстары
 
Жыл басынан, спорт түрлерінен жоғары білікті спортшылар дайындау үшін 100 оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, оған 926 спортшы және 99 халықаралық, республикалық жарыстарға 926 облыс спортшылары қатысты. 
2018 жылдың І тоқсанында облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 204 – алтын, 248 – күміс, 345 – қола медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 28 – алтын, 27-күміс, 37 қола медальдарға қол жеткізді.
3 спортшы – «ҚР-ның спорт шебері», 162 спортшы – «Спорт шеберлігіне үміткер».                    
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына 395 облыс спортшылары енді.
Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны – 203 594 адам, жалпы тұрғындар үлесінің 27 пайызын құрайды. Облыста бұқаралық спортты жандандыру, спорттық бұқаралық қозғалысты ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттен  120 млн.теңге бөлініп, 282 спорт нұсқаушы 138 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды  тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. 
Бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2018 жылдың І тоқанында 309 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 77 300 адам қатысты. 
Жасөспірімдердің арасында ауқымды іс-шаралары болып табылатын «Бәріңде жарысқа»  «Нашақорлыққа-жол жоқ» атты көңілді старттарын өткізу дәстүрлі түрде өтіп, оған 1-11 сынып оқушылары жарыс жолына түсті. Аталған шара, үш кезеңнен ауылдық, аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерінен өтіп, барлығы 7000-ға жуық жасөспірімдер тартылды. 
Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2018 жылдың І тоқсанына бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша жоспарланған қаржы 2 144 681,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде игерілген қаржы 2 143 256,0  мың теңге 100 пайызға орындалды.
Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2017 жылдың І тоқсанына жалақыға және коммуналдық төлемдерге қарыздар қалыптаспаған.
2018 жылдың І тоқсанында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 9 арыз келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 7 өтініш келіп түссе, заңды тұлғалардан – 2 өтініш түскен. Веб – портал арқылы келіп түскен өтініштер 1. Барлық түскен өтініштер қаралып, өз мерзімінде орындалып, өтініш иелеріне жауап жолданды.
2018 жылдың І тоқсанында басқармада кіріс құжат саны – 1264, оның ішінде қазақша – 1134. Шығыс құжаттар саны- 1205.

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2017 жылы атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері
 
Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады. Есепті кезеңде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 27,1 пайызға көтеріліп, 211 271 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты одан әрі дамыту үшін бүгінгі таңда мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 113,7 млн. теңге бөлініп, 282 спорт нұсқаушысы 138 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – жарыстарды көптеп өткізіп, халықты спортқа тарту. Осы мақсатта облыс аумағында 1571 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 450 200 адам қатысты. Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Биыл облыстық бюджеттен 7 елді мекенде,атап айтсақ Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттеріндеспорт кешендерінің құрылыстарын бастауға биыл500,0 млн.теңге қаржы бөлініп жұмыстар толығымен жүзеге асты, құрылыс жұмыстарын толық аяқтау үшін 2018 жылы 1293,8 млрд.теңге қаржы қаралды. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептер желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында үстіміздегі жылы Қызылорда қаласы Мерей мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру  кешенін жалға беру жобасы іске қосылып, жоба аясында 1200-ге тарта баланы спортпен қамту жүзеге асырылды. Бұдан әрі, Шиелі ауданы Ақмая және Алғабас ауылдарынан дене-шынықтыру сауықтыру кешенін жалға алу жобалары іске қосылды. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 18070 оқушы 35 спорт түрімен шұғылданады. Есепті кезеңде облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 797 медальдарды (204 – алтын, 248 – күміс, 345 – қола) жеңіп алды. (2016 ж. – 695 медаль). Азия және Әлем чемпионаттарында - 92 медальдарды (28 - алтын, 27 - күміс, 37 - қола) иеленді. (2016 ж. – 47 медаль). 2 – ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, 6–халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 50 –спорт шебері», 899–спорт шеберіне үміткерлер мен І разрядты спортшылар дайындалды. Спорт түрлері бойынша 420 облыс спортшылары Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапына енді. Жылдың басты жетістігі – мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаеваның VІІІ қысқы Азия ойындарында қола медальді иеленді. Сондай-ақ, шахматтан оқушылар арасында Әсел Серікбай 2 дүркін Әлем чемпионы атанса, тоғызқұмалақтан Хәкімжан Елеусінов 3 дүркін Әлем чемпионы атанды. Бокстан Қамшыбек Қоңқабаев Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленсе, қазақ күресінен Еламан Ерғалиев Қазақстан Барысы атағын жеңіп алды. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында өткен ҚР VI «Ақ бидай» ауыл спорт ойындарында облыстың құрама командасы спорттың  14 түрінен қатысып, жалпыкомандалық есепте 3-орынды иеленді.(2009 ж. – 11 орын, 2013 ж. – 9 орын). 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!»атты бірінші мәрте ұйымдастырылған шараға 1000-нанаса спортшылар гимнастикалық жаттығулар жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлгі болды. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында  үш ай бойы әр жексенбі сайынқала тұрғындары арасында бұқаралық веломарафон  өткізілді. Бұл шара келесі жылы да жалғасын табады. ҚР  Конституция күніне орай  3000 –нан аса қала тұрғындарының қатысуымен жеңілатлетикалық жүгіру жарысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Қайсар» футбол клубы биылғы маусымды сәтті аяқтап,  Қазақстан чемпионатының Премьер-Лигасында 6-орынды иеленді. Сондай –ақ, Ұлттық Олимпиада комитеті  мен ҚР күрес федерациясы бірлесіп, аймақтарда күрес спортын дамыту мақсатында 15 күрес кілемін сыйға берді. Бесеуін жыл соңына дейін берсе, қалған онын келесі жылы беретін болды. Басқармаға 2017 жылы бюджеттік бағдарламалар бойынша 5 805,9 млн. теңге қаржы бөлінген, жыл соңына дейін 100 пайызға игеріледі.
2018 жылы  басқарма тарапынан атқарылатын бірқатар маңызды міндеттерді жүзеге асыру жоспарда тұр. Олардың қатарында:
- жүйелі дене шынықтырумен айналысушылар санын 28% жеткізуге жұмыс жасау;
- Қысқы Олимпиада ойындарына (1), жазғы Азия ойындарына (18), жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына (3);
- Спорт түрлерінен республикалық халық ойындарына, ҚР чемпионаттарына спортшылардың дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету;
- Орталық стадионның қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтап іске қосу;
- «Қайсар» футбол клубының Премьер Лига чемпионатында үздік төрттікті иеленуге жұмыс жасау. 

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 
2017 жылғы 9 айдағы атқарылған жұмыстары
Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады.
Есепті кезеңде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 26,5 пайызға көтеріліп, 203 594 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі таңда мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 113,7 млн. теңге бөлініп, 270 спорт нұсқаушысы 133 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.
Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – жарыстарды көптеп өткізіп, халықты спортқа тарту.
Осы мақсатта облыс аумағында 1198 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 287 190 адам қатысты. 
Соның ішінде 6000-нан аса спортшының өнер көрсетуімен қазақ күресінен «Алтын белбеу», 8000-ға жуық оқушының қатысуымен «Нашақорлыққа жол-ЖОҚ!» Бәріңде жарысқа!» атты көңілді эстафета, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында облыстық Спартакиада,жауынгер-интернационалист Б.Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир, самбодан Кеңес Одағының  батыры Т.Көмекбаев атындағы халықаралық мемориал және т.б. облыстық, республикалық турнирлер ұйымдастырылып, халықты салауатты өмір сүруге тарту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. 
Ауыл жастарының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауылдық денешынықтыру қозғалысын дамыту мақсатында ауыл спортшыларының VI «Ақ бидай» спорт ойындары өтті. Бұл сынға облыстың аудандарынан 7 команданың намысын қорғаған 1000-ға жуық спортшылар спорттың 8 түрінен қатысты. Үстіміздегі жылдың 11-16 қыркүйек  аралығында Ақтөбе қаласында өткен республикалық «Ақ бидай» спорт ойындарына облыс құрама командасы жалпыкомандалық есепте 3-орынды иеленді.
Сонымен қатар, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында шағын-футбол лигасы мамыр-қазан айлары аралығында ұйымдастырылуда, шараға 32 команда, 520 жастар тартылды.
Қаңтар айында облыста 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Алау Эстафетасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, республика бойынша Қызылорда үздіктердің қатарында болды.
Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Ол үшін спорт нысандарын көбейтуіміз керек. Соңғы 3 жылда 9 спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл облыстық бюджеттен 7 елді мекенде, атап айтсақ, Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде.
Қызылорда қаласының «Мерей» мөлтек ауданында мемлекеттік жеке әріптестік аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Жоба аясында спорт кешенінде 1010 спортшы 15 спорт түрімен шұғылданады.  
Көшедегі спорттық құрылымдарға қолжетімділікті арттыру мақсатында Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің қолдауымен (демеушілігімен) Қызылорда қаласынан 4 «стрит воркауд» алаңдары салынды. 
Орталық стадионның қосалқы футбол алаңы қайта жаңғыртудан өткізілді. Қазіргі таңда қосалқы алаңға қосымша көрермендерге 2200 орындық трибуна қоюға жұмыстар жасалуда.
Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қызылорда қаласы мен аудандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спорт түрлерінен қолдау мақсатында 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып келеді. Жобаның басты міндеті мүмкіндігі шектеулі жандарды толыққанды қоғам өміріне қатыстыру және оларды дене шынықтыру мен спорт құралдары арқылы әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды жүзеге асыру.  Жоба аясында 16 жаттықтырушы 12 спорт түрімен (отырып ойнау волейболы, тұрып ойнау волейболы, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, жеңіл атлетика, үстел теннисі, пауэрлифтинг, дзюдо, арбадағы би, шағын-футбол) 282 мүгедекпен жаттығулар өткізуде. 
Бұқаралық спортты дамыту мен қатар бәсекеге қабілетті біліктілігі жоғары спортшыларды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. 
Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 22 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 18133 оқушы 36 спорт түрімен шұғылданады. 
Есепті кезеңде облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді:ҚР чемпионаттарында 660 медальдарды (175 – алтын, 200 – күміс, 285 – қола) жеңіп алса, Азия және Әлем чемпионаттарында -   67 медаль (22- алтын, 19- күміс, 26- қола) иеленді. 2 – ҚР-на еңбегі сіңірген спорт шебері, 3 – «ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері»,41 – «ҚР-ның спорт шебері», 518 – ҚР спорт шеберіне үміткерлер дайындалды, спорт түрлері бойынша 420 облыс спортшылары Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапына енді. 
Жыл басының басты жетістігі ол – мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаеваның VІІІ қысқы Азия ойындарында қола медальді иеленуі болды. 
Румынияның Яссы қаласында шахматтан оқушылар арасында өткен Әлем чемпионатында жерлестеріміз Әсел Серікбай 2 дүркін Әлем чемпионы атанып, Еліміздің туын көкте желбіретіп, Әнұранымызды шырқатса, Назерке Нұрғали күміс жүлдені иеленді. 
Нью-Делиде велотректен өткен Азия чемпионатында Ғабиден Әзен командалық жарыста жеңімпаз атанса, скретч сайысында Роберт Гайнеев қола жүлдеге қол жеткізді. Бангкок қаласында ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында Асылжан Бектай қола жүлдені еншілесе, Киллинде зілтемірді жатып сығымдап көтеруден Әлем чемпионатында Елдос Ермаханов күміс жүлдені еншіледі. 
Нью-Делиде еркін күрестен Дәулет Ниязбеков Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болса, Ташкентте бокстан Қамшыбек Қоңқабаев Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Баку қаласында Ислам ынтымақтастық ойындарында бокстан Тұрсынбай Құлахмет жеңімпаз атанса, таеквондодан Айнұр Есбергенова күміс, дзюдодан Еламан Ерғалиев қола жүлделерді еншіледі. Болгарияда каратэ-додан балалар арасында Әлем чемпионатында Мәулен Әбдуәли алтын жүлдені жеңіп алды. 
Астана қаласында каратэ-додан өткен 14-ші Азия чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай алтын жүлдені иеленіп, 3-ші мәрте Азия чемпионы атанды.
Сондай-ақ, Астана қаласында ҚР Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен өткен республикалық турнирде жерлесіміз Еламан Ерғалиев Қазақстан Барысы атағын жеңіп алды. 
Тайбэйде (ҚХР) өткен Бүкіләлемдік жазғы Универсиада ойындарында ауыр атлетикадан Рүстем Сыбай (94 келі) күміс жүлдені иеленді. 
Сонымен қатар, жақында ғана Астанада тоғызқұмалақтан өткен Әлем чемпионатында Хәкімжан Елеусінов (классика) 3 дүркін Әлем чемпионы атанса, рапид түрінен қола жүлдені иеленді. Қыздар арасында классика түрінен Ақерке Кенжебекова қола жүлдені еншіледі. 
Сондай-ақ, Ташкентте және Гамбургте бокстан өткен Азия, Әлем чемпионаттарында  Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) күміс жүлделерді иеленді. 
Биылғы жылдың маңызды жарыстардың бірі - спорттың 38 түрінен ҚР IV жастар спорт ойындары өткізілді. Оған Қызылорда облысы 24 спорт түрлері бойынша қатысып, жалпы командалық есепте 6 орынды иеленді.
Есепті кезеңде спорт түрлерінен 11 ҚРЧ (ауыр атлетика, грепплинг, панкратион, волейбол, қазақ күресі, гандбол, мәнерлеп сырғанау, велоспорт, тоғызқұмалақ, грек-рим, шахмат, қазақ күресі) 3 халықаралық турнир, 21 республикалық турнирлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 27 облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілді.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Астана қаласындағы Қызылорда облысының мәдени күндері аясында ағымдағы  жылдың 13 тамыз күні ұлттық спорт түрлерінен ат үстіндегі өнер, қыз қуу, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, көрсетілімдер мен қазақ күрес, тоғызқұмалақ, асық ату жарыстар ұйымдастырылып өткізілді.
 
Құрылған күні: 23-12-2014 17:39
Жаңартылған күні: 22-07-2019 17:25

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика