Новость:: 

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бахытбек Смағұл, Геннадий Шиповских Байқоңыр өңірінде жұмыс сапарымен келіп, Төретам кенті клубында тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесуге облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлері, кент, ауыл тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында ҚР Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Смағұл Бахытбек Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар, қабылданған заңдар мен алдағы уақытта депутаттардың назарына ұсынылатын жобалар төңірегінде кеңінен әңгімелеп берді.

Геннадий Шиповских әлеуметтік мәселелер туралы және әлеуметтік желілерде жиі талқыланған мәселелер бойынша жөнінде түсіндірме жасады. Әсіресе халық қалаулысы жақында ғана қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңға ерекше тоқталды.

Жиынға қатысқан тұрғындар мен ауыл ардагерлерінің сұрақтарына Парламент Мәжілісінің депутаттары жауап беріп, өздерінің ой-пікірлерін білдірді.

Кездесу соңында кент ардагері Балжаев Шакен ҚР Парламенті Мәжіліс депуттарына алғысын айтып, жиналған тұрғындарға батасын берді.

Байқоңыр өңіріне жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары №274 орта мектеп жұмысымен танысып, мектеп оқушыларымен сұхбаттасты.

Сонымен қатар, 7а мөлтек ауданында жаңадан салынған үйлерден бөлінген қызметтік пәтерлер және Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасының жұмысымен танысты.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 13-01-2020 10:26
Жаңартылған күні: 13-01-2020 10:26

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
13 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика