Туристік агенттіктермен кездесу
2019 жылы 16 шілдеде облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратымен аумақтағы туристік агенттіктермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге облыстық терроризмге қарсы орталық, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы өкілдері қатысып, жиналғандарға туристік сапарларды ұйымдастыру кезінде тұтынушыларға жеке бас қауіпсіздігі ережелерін сақтау, сонымен қатар, қажылық сапар кезінде деструктивті діни ағымдар арбауынан сақтану туралы ескертудің маңыздылығы түсіндірілді.

Аудандық терроризмге қарсы комиссиялар 
жұмысын жетілдіру бойынша семинар

 

2019 жылғы 27 маусымда облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратымен облыс бойынша ішкі саясат, жастар саясаты құрылымдары, аудандық терроризмге қарсы комиссиялардың аппараттары үшін облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинар көшпелі отырыс түрінде, Сырдария ауданында облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б. Камаловтың қатысуымен өткізіліп, онда діни экстремизм және терроризм профилактикасын ұйымдастыру мен жүргізу саласындағы проблемалар, оларды шешу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, семинарда аудандық терроризмге қарсы комиссиялардың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізіліді.

Облыстық мекемелер қызметкерлері үшін семинар
30.05.2019 жылы облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратымен комиссияның ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша орталық атқарушы органдардың облыстық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың сала бойынша жауапты қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.
Семинарда облыс әкімімен бекітілген терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қажеттілігі тізбесінің жаңа нұсқасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талданып, оларды орындауға қажетті кеңестер мен нұсқаулықтар берілді. 

Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия аппаратының отырысы
2019 жылғы 23 мамырда Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия аппаратының отырысы өткізілді.
Отырыста ҚР Терроризмге қарсы орталықтың хаттамалық тапсырмаларын іске асыру, Облыстық терроризмге қарсы комиссияның жұмысын арттыру бойынша ҚР Терроризмге қарсы орталығымен енгізілген ұсыныстардың іске асырылуы туралы мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия маусым айына жоспарланған отырысында қаралатын мәселелер талқыланып, облыс аумағында жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Терроризмге қарсы комиссия аппаратының кеңейтілген отырысы
2019 жылғы 4 ақпанда облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімдері аппараттарының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімдерінің басшылары қатысып, терроризмге қарсы іс-қимыл саласы бойынша 2018 жылдың қорытындысы мен 2019 жылға қойылған мақсаттар туралы ой бөлісті. 
 

Терроризмге қарсы комиссия аппаратының отырысы
2018 жылғы 12 қарашада облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы А. Шаменовтің төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының отырысы өтті.
Отырыста терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысында қаралатын сұрақтар бойынша мәселелер талқыланып, комиссия мен оның аппаратының хаттамалық шешімдерінің іске асырылуы баяндалды.
Өз кезегінде, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов облыс аумағында профилактикалық түсіндірмелер жүргізуші ақпараттық-түсіндірмелік топтармен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, комиссия аппаратына қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, отырыста терроризмге қарсы комиссиямен діни экстремизм мен терроризм профилактикасы саласындағы  кейбір мәселелерді шешудегі мемлекеттік мекемелердің бірлескен іс-қимыл алгоритмі талқыланып, бекітуге ұсынылды.

Студенттермен дөңгелек үстел
2018 ж. 18 қазанда терроризмге қарсы комиссия аппараты және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Контртеррористік комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі жанындағы оқыту-оңалту орталығының директоры Мадияров Мирхат Қызылорда қаласындағы Абылай хан атындағы колледж студенттерімен «Радикалды ағымдардан сақтану жолдары» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында маман деструктивті діни ағымдар өкілдерінің азаматтарды арбау жолдарын, дінге бет бұрушы жастардың ақыл кеңесті кімнен үйренуі керектігін, қандай кітаптарды оқудан аулақ болу қажет екенін, т.б. түсіндірмелер жүргізіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Мемлекеттік органдар үшін семинар
2018 ж. 18 қазанда облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратымен облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, «Терроризм мен діни экстремизмнің қоғам алдындағы қаупі. Олардың көріністерінің алдын алуда азаматтық ұстанымды қалыптастырудың маңызы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға терроризмге қарсы комиссияны ақпаратпен қамтамасыз етуші мемлекеттік мекемелердің жауапты қызметкердлері және мекемелер басшыларының аталған сала бойынша орынбасарлары қатысты.
Семинарда деструктивті діни ағымдар мен бірлестіктердің шынайы мақсаттары, олардың мемлекеттілікке төндіретін қаупі туралы облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б. Ж. Камалов, орталықтың оңалту бөлімінің басшысы Ж. Дәрібаев қатысушыларға аталған тақырыпта кең көлемде әңгімелеп, түсіндірулер жүргізді.

«Терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз етуді жетілдіру» семинар-мәжілісі
2018 жылғы 11 қыркүйекте облыстық мемлекеттік мекемелер өкілдері және аудандық терроризмге қарсы комиссиялар аппараттары үшін «Терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз етуді жетілдіру» тақырыбында семинар-мәжіліс өткізілді. 
Семинарда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бас маманы А.Абишева терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік мекемелердің берілетін ақпараттың маңыздылығын атай отырып, мәлімет сапасын арттыру жолдарына тоқталды. Сондай-ақ, мәліметті уақытылы бермей отырған мекемелердің жауапты қызметкерлеріне ескертулер жасалды.
Мәжіліс соңында мемлекеттік мекемелер, Қызылорда қаласы және аудандар әкімдіктеріне сәйкес хаттамалық тапсырмалар берілді.
 

2018 жылғы 10 қыркүйекте облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының отырысы өтті
Отырысты облыстық ТҚК аппаратының басшысы – облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы А.Шаменов жүргізіп, күн тәртібіндегі келесі сұрақтар қаралды:
1.«Қазақстан Республикасында деструктивті діни ағымдарды бейтараптандыру және жою жөніндегі іс-шаралардың 2018-2020 жылдарға арналған Арнайы жоспарының жүзеге асырылуы бойынша 2018 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған шаралары туралы».
Баяндамашы: Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е. Есов.
2.«Облыс аумағында жүргізілетін профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру бойынша Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығымен енгізілген ұсыныстарының іске асырылуы туралы».
Баяндамашы: Облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б. Камалов.
Сонымен қатар, қосымша келесі мәселелер қаралды:
1) Облыс аумағындағы ақпараттық - түсіндіру топтарының 2018 жылдың 1 жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі туралы;
2) Облыс аумағына білікті теологтар мен психологтардың шақырылуы туралы.
Отырыс соңында облыс аумағында профилактикалық шаралардың пәрменділігін арттыру мақсатында сәйкес хаттамалық тапсырмалар берілді.

Байқоңыр қаласындағы діни экстремизм профлиактикасы семинары
Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия және Байқоңыр қаласының терроризмге қарсы комиссиясы арасында жасалынған «Байқоңыр қаласы аумағында терроризм идеологиясының профилактикасын жүргізу туралы екіжақты жоспарды» жүзеге асыру мақсатында облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратымен Байқоңыр қаласындағы ресейлік және қазақстандық білім, мәдениет мекемелері, сондай-ақ,  ведомствоаралық жұмыс тобының өкілдері үшін «Діни экстремизм профилактикасы» тақырыбында дөңгелек үстел – семинар өткізілді.
Семинарда облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Жаппасбаев Әлібек Бақытжанұлы жиналғандарға діни экстремизм және терроризм ұғымын, экстремистік және террористік ұйымдар мен ағымдар белгілері мен әрекеттерін, оларға қарсы иммунитет қалыптастыру жолдары туралы түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. 

Облыстық терризмге қарсы комиссия аппаратының кеңейтілген отырысы
27.02.2018 ж. аудандық терроризмге қарсы комиссия аппараттарының жауапты қызметкерлерінің қатысумен облыстық ТҚК аппаратының отырысы болып өтті.
Отырыста аудандық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру тақырыбында басқарманың бас маманы А.Абишева баяндама жасап, сала бойынша қызметті үйлестіру бағытында әдістемелік нұсқаулар ұсынды.
Сондай-ақ, жұмыс барысында туындаған мәселелер мен сұрақтар талқыланды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне арналған семинар
Облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының және Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен а.ж. 27 ақпанда облыс орталығындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары, қауіпсіздік қызмет басшылары және жеке күзет мекемелері басшылары мен лауазымды тұлғаларына арналған семинар өтті.
Семинар барысында облыстық террорға қарсы орталық, ішкі істер департаменті және профайлер мамандары қатысушыларға жарылғыш заттар табылған кездегі іс-қимылдар алгоритмі, террористер психологиясы және оларды топ ішінен анықтай білу бағыттарында түсіндірме жүргізді. 
Сондай-ақ, семинарға аудандық терроримзге қарсы комиссия аппараттарының жауапты қызметкерлері қатысты.

Терроризмге қарсы комиссиясы аппаратының отырысы
2017 жылғы 14 желтоқсанда облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының кезекті отырысы өтті.
Отырыста екі мәселе қаралды:
1.Террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесін жасақтаудың кейбір мәселелері туралы
Баяндамашы: Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы А.Жылқыбай.
2.Облыстық терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз ету туралы.
Баяндамашы: Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бас маманы А.Абишева 
Отырыс соңында облыстық ТҚК аппаратының басшысы - облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетов аумақта діни экстремизм профилактикасымен, террорлық актілердің салдарын жою және барынша азайту, терроризмге қарсы комиссия аппараттарының жұмысын ұйымдастыру бағытында еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

2017 жылғы 9 қазанда Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы аппаратының отырысы өткізіліп, онда келесі сұрақтар қаралды:
1. «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлектерін облысқа тұрақты жұмысқа тарту туралы.
Баяндамашы: Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Р. Рүстемов.
2. «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі тарапынан тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар жетегінде кетуінің алдын алу және деструктивті діни ағым мүшелерін райынан қайтару мақсатында атқарылған жұмыстары туралы».
Баяндамашы: Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т. Омаров.
Отырыс барысында «Нұр Мүбарак» университетін бітіруші түлектерді облыс аумағындағы мешіттерге жұмысқа орналастырудағы мәселелермен қатар, имамдардың біліктілігі және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

«Діни экстремизм мен терроризм профилактикасы» тақырыбындағы семинар
2017 жылғы 21-25 тамыз аралығында облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының ұйымдастыруымен аудандық, қалалық және облыстық ақпараттық-түсіндірмелік топтар, ішкі саясат құрылымдық бөлімшелері, білім саласы қызметкерлері, ішкі істер департаменті және әскери бөлімше қызметкерлері үшін ҚР ҰҚК Академиясының оқытушылары Шакимова Лола Сергеевна мен Абдукеева Ақмарал Сихымбайқызы профилактикалық жұмыстағы психологиялық әсер ету аспектілері туралы семинар-тренинг өткізіп, дәрістер оқыды.
Атап айтарлығы, Арал және Қазалы аудандары үшін семинар көшпелі түрде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласындағы қазақстандық ұйымдар және Байқоңыр қаласы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен өткізілген семинар ресейлік әріптестермен жоғары бағаланды.
 

Террористік және экстремистік әрекеттер үшін заң алдындағы жауапкершіліктер туралы брифинг 
2017 жылғы 24 тамызда өңірлік баспасөз қызметі залында облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының ұйымдастыруымен облыстық прокуратура қызметкерлері  Бұхарбаев Бақытжан Есенбекұлы, Тастанов Сағыныш Мұратұлы және сот қызметкерлері Жаңабаев Балғабай Зайырұлы мен Абдукаликов Олжас Исаұлы экстремистік және террористік әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жауапкершіліктер туралы брифинг өткізді.
Брифингте прокуратура қызметкерлері тарапынан жауапкершіліктер туралы түсініктемелер беріліп, сот қызметкерлері облыс бойынша жауапкершілікке тартылған тұлғалар туралы айтып өтті. Сондай-ақ, аталған лауазымды тұлғалар журналистердің осы бағыттарда қойған сұрақтарына жауап берді.

ҚР Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы жалпы ережелердібекіту туралы» Жарлығына сәйкес, облыстық терроризмге қарсы комиссияға төменгі тұрған комиссиялардың іскерлігін үйлестіру, терроризм профилактикасы, оның салдарын жою және (немесе) барынша азайту бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету жүктелген.
Осы мақсатта, Қармақшы ауданының терроризмге қарсы комиссия аппаратының сұранысы негізінде, облыстық ТҚК жұмысшы органы – облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы қызметкерлерінің аудандық комиссияның 2017 жылғы 22 маусымдағы отырысында «Терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қажеттілігі тізбесі бойынша мемлекеттік мекемелермен мәлімет берудегі проблемалар» мәселесі бойынша қатысуы келісілді.
Осы орайда, басқарманың бас маманы Абишева Ардақпен Қармақшы аудандық ТҚК аппаратының жұмысын тексеру кезінде анықталған кемшіліктер негізінде аталған тақырыпта баяндама дайындалды. 
Баяндама барысында ТҚК ақпараттық қажеттілігі тізбесі бойынша мәліметтер жинаудағы проблемалар аталып және талқыланып, оларды жою бойынша ұсыныстар енгізілді. Аталған ұсыныстар отырыс хаттамасына орындаушылық мақсатта ресімделді.
   

Терроризмге қарсы облыстық жедел штабтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, 2017 жылғы 16 маусымда облыстық бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесу болып өтті. Кездесуге облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының басшысы С. Сермағамбетов төрағалық етті. 
Шараға облыстық террорға қарсы орталықтың, ішкі істер департаментінің өкілдері, төтенше жағдайлар департаментінің және қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының басшылары қатысты. Кездесу барысында террорлық тұрғыдан осал объектілер басшыларының және лауазымды тұлғалардың объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету міндеттері мен қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені немесе тиісті деңгейде қамтамасыз етпеуі үшін жауапкерішілктер туралы түсіндірілді. Осы тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.
Сондай-ақ, кездесу барысында адамдар көп жиналатын өоғамдық орындарда жаппай улануды болырмау және қадағалау мәселелсі талқыланып, жадынамалар таратылды.

 

    

2017 жылғы 10 мамырда Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы аппараты отырысы өткізіліп, онда келесі сұрақтар қаралды:

 
 
1.«Дәстүрлі емес діни ағым мүшелерімен адрестік жұмыстарды жүргізу туралы».
Хабарламашы: Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы А.Жылқыбай.      
2.«Аудандық жедел штабтарының террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдарын кенеттен тексеру жұмыстарының және аудандық терроризмге қарсы комиссияларын тексеру нәтижелері туралы».
Хабарламашы: Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бас маманы А. Абишева.
3.«Тұрмыстары төмен дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы азаматтарды жұмысқа орналастыру, оларға әлеуметтік қолдау көрсету туралы».
Хабарламашы: Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Ибраева.
4.«Қызылорда қаласы мен елдімекендердегі, оның ішінде қару сататын дүкендердегі бейнежазбалардың облыстық ішкі істер департаментінің шұғыл басқару орталығына шығуын, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің, тіршілікті қамтамасыз және ғибадат ететін, маңызды объектілердің қауіпсіздігін бақылауды күшейту туралы».
Хабарламашы: Облыстық ішкі істер департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қ. Оразов.
Отырыс барысында ТҚК аппаратының басшысы С.Сермағамбетов облыстық ішкі саясат басқармасына ішкі істер департаментімен және облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасымен бірлесіп облыс аумағындағы дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің тізімін жасақтап, олармен жеке жұмыс жүргізудің жоспарын жасауды тапсырды.
Сонымен қатар, күн тәртібінен тыс аудандық ТҚК аппараттарының іскерлігі, аудан әкімдіктерімен террорлық тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын нығайтуға қаражаттың бөлінуі, бизнес-қауымдастық өкілдерімен семинарлар өткізу қажеттілігі туралы басқа да сұрақтар талқыланды.

Ақпараттық-түсіндірмелік топтар үшін «Экстремизм және терроризм профилактикасы» тақырыбындағы семинар 
 
   
Профилактикалық шаралардың сапасын жақсарту мақсатында Қызылорда облысының әкімі– облыстық терроризмге қарсы комиссия төрағасы Қ.Е. Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, жыл басында облыс аумағындағы ақпараттық-түсіндірмелік топтардың құрамы қайта қаралып, бекітілді.
Осы орайда, 2017 жылғы 10 мамырда облыстық терроризмге қарсы комиссия іскерлігі аясында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасымен ақпараттық-түсіндірмелік топтардың жаңа құрамдары үшін «Салауат» оқыту-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің республикалық ақпараттық-түсіндірмелік тобының сарапшы – саясаттанушысы, Қазақстан кинематографтары Одағының мүшесі - Иржанов  Руслан Самарханұлының дәріс оқуымен «Экстремизм және терроризм профилактикасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. 
Семинарға облыстық басқармалар басшыларының орынбасарлары, Қызылорда қаласы және аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округтер әкімдері, облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-түсіндірмелік топтардың мүшелері, ішкі саясат құрылымдарының, облыстық және аудандық терроризмге қарсы комиссия аппараттарының қызметкерлері қатысты.

Аудандық терроризмге қарсы комиссиялар аппараттары – жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімдерінің жауапты қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мақсатында өткізілген семинар-кеңес туралы
 
2017 жылғы 13-14 ақпан күндері облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудандық терроризмге қарсы комиссиялар аппараттарының жұмысын үйлестіруші құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерін тағылымдамадан өткізу мақсатында облыстық жұмылдыру басқармасының ұйымдастыруымен екі күндік семинар-кеңес өткізілді.
Семинарды облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы – терроризмге қарсы комиссия аппаратының басшысы С Сермағамбетов жүргізіп, онда діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдар, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс салалары бойынша сұрақтар талданды.
Семинар барысында терроризмге қарсы комиссиялар іскерлігіндегі актуалды мәселелер талқыланды. Бұл салада жұмысты жақсарту жөніндегі өз пікірлерін ҰҚКД террорға қарсы орталық және облыстық ІІД өкілдері де білдірді.
Семинар соңында аудандық терроризмге қарсы комиссиялар жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасалып, жұмыс жүргізуге қажетті әдістемелік құралдар таратылды.

    

2016 жылғы 12 желтоқсанда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы – облыстық ТҚК аппаратының басшысы С. Сермағамбетовтың төрағалығымен өткен облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының отырысында екі мәселе қаралды:
1.Ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы туралы (Баяндамашы: облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары 
Е. Рүстемов);
2. Ақпараттық қажеттілік тізбесімен жұмыс жасаудың кейбір мәселелері туралы (Баяндамашы: облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы А. Жылқыбай).

 

2016 жылғы 30 қыркүйекте облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия аппаратының отырысы өтті. Отырысты ТҚК аппаратының басшысы – облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетов жүргізіп, ондағы күн тәртібіне сәйкес, аппарат отырысында бұған дейін берілген мақсатты тапсырмалардың орындалуы туралы облыстық басқарма өкілдерінің хабарламалары және аудандық ТҚК жұмыстары туралы жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Бәкіровтың баяндамасы тыңдалды.

Құрылған күні: 18-10-2016 10:17
Жаңартылған күні: 17-07-2019 12:19

Сұрақ қою

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика