Новость:: 

    5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне және әдебиет зерттеуші ғалым, ақын, педагог, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың туған күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқарма басшысының орынбасары М.К. Демесиновтің және "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің Байқоңыр филиалы төрағасы Алтруева Саламаттың ұйымдастыруымен, "АВС" оқу орталығының директоры Кабаргина Маржан Талғатқызының қатысуымен,  Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай  елді мекеніндегі 10 мектеп оқушыларының арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолдану аясын кеңейту  мақсатында «ҚазҒарышCапары» ғимаратының мәжіліс залында 2018 жылдың 6-7 қыркүйек күндері эссе жазу, мәнерлеп оқу, латын қарпінде көркем жазу, сурет салу, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу байқаулары өткізіліп, жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушылар мадақтамалармен марапатталды. Қазақ ақындарының  ағылшын тіліне аударылған өлеңдерін мәнерлеп оқуға қатысқан балаларға "АВС" оқу орталығының директоры кітапшалар сыйға тартты. Бұл шараға 3-11 сынып оқушылары қамтылды.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 07-09-2018 18:30
Жаңартылған күні: 07-09-2018 18:09

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
3 + 3 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика