Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

"Байқоңыр" кешенінде мемлекеттік бағдарламалардың

жүзеге асырылуы туралы 2017 жылдың 12 айына ақпараты

«Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық

комиссиясының 5-ші отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы

1. «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасы

Қызылорда облысының әкімдігімен «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Жиынтық жоспардың жобасына ұсыныстар жолданды.

5. Байқоңыр қаласын Қазақстан тарапымен қаржыландырудың тәртібі мен шарттары туралы.

5-ші ҮАК отырысы барысында Байқоңыр қаласын қазақстан тарапымен қолданыстағы инфрақұрылымның қайта жаңарту және жаңғырту бөлігінде қаржыландырудың келесі механизмі келісілді.

- Байқоңыр қаласы тұтынушыларының жаңғыртуға және жаңартуға жататын кәріз, сумен қамтамасыз ететін жабдықтың және инженерлік инфрақұрылымның кешенін және жылу жүйелерін (әрі қарай - мүлік), РФ жалдан шығарылып, Қызылорда облысы әкімдігінің меншігіне 7 жыл мерзімге дейін ұзарту құқығымен беріледі.

- Жаңарту және  (немесе) жаңғырту (одан әрі-жұмыс) бойынша  жұмыстар жүргізу кезеңінде мүлік Байқоңыр қаласы әкімшілігінің тұтынушыларға (коммуналдық қызметтің құны) тарифті белгілеу шарттарының сақталуымен сенімгерлік басқармасына тұрғындардың коммуналдық қызметке төлем ақыларына субсидия жасау мүмкіндігі құқығымен беріледі. Сенімгерлік басқармаға тапсыру тәртібі жекелеген нормативтік құжатпен белгіленеді;

-Жұмыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік заңдылықтарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігіне республикалық бюджеттік бағдарламаларың тиісті әкімгерлері арқылы дамытуға республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлу жолымен жүзеге асырылады.

- Жұмыстар атқарылғаннан кейін РФ жалдан шығарылған мүлік  РФ жалға беріледі (қайтарылады).

Қаладағы жаңа объктілердің құрылысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік заңдылықтар шеңберінде Қызылорда облысының әкімдігіне республикалық бюджеттік бағдарламаларың тиісті әкімгерлері арқылы дамытуға республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлу жолымен жүзеге асырылады.

6. Байқоңыр қаласын қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту туралы (газ-сумен жабдықтау).

1) Газбен жабдықтау бойынша

2017 жылы 17 қарашада Байқоңыр қаласында 6 тұрғын үй, 6 мектеп және 1балабақша табиғи газға қосылды. Байқоңыр қаласы әкімшілігімен 2018 жылы тұрғын үйлерге газ плиталарын ауыстыру жоспарлануда.

2) Сумен жабдықтау және су құбырларын бұру бойынша

2017 жылғы 13 маусымдағы «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысының Хаттамасымен Байқоңыр қаласындағы су құбырларын және кәріз жүйелерін жаңғырту және қайта құру механизмі келісілді.

2017 жылы 29 тамызда Байқоңыр қаласының объектілерін Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру бойынша іс-қимыл алгоритімі бекітілді.

Жаңғыртуға жататын жүйелер жалдан шығарылып, Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілді (Ресей Федерациясымен жалда тұрған Байқоңыр қаласының объектілерін Қызылорда облысының әкімдігіне қайта құру және (немесе) жаңғырту үшін  беру туралы Бірлескен шешім қабылданды.

Бірлескен комиссиямен объектілерді қарау жүргізіліп, техникалық жағдайы және беру қабылдау актісі бекітілді. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетімен «Байқоңырбаланс» ММ балансынан объектілерді Қызылорда облысы әкімдігінің меншігіне беру туралы 2017 жылы 24 қарашада №1311 бұйрығы шығарылды).

Облыстық бюджеттен Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау және су құбырларын бұру жүйелерін қайта құруға техника-экономикалық негіздеме әзірлеуге 41,0 млн.теңге бөлінді. Жобалаушы ұйым анықталып («Әсем Жоба Құрылыс» ЖШС), жобалау жұмыстары жүргізілуде.

7. Байқоңыр қаласы дамуының бірлескен бағдарламасының жобасы туралы.

Байқоңыр қаласы дамуының ұзақ мерзімді Бағдарламасының жобасы Қызылорда облысы әкімімен және Байқоңыр қаласының әкімшілігінің Басшысымен қол қойылды.

«Байқоңыр» кешені жөніндегі ҮАК төрағаларының 2017 жылы 19 желтоқсандағы (Мәскеу қаласы) кездесуі барысында, Байқоңыр қаласының ұзақ мерзімді Бағдарламасы әзірленген және бекітілуге дайын екендігі атап айтылды.   Аталған іс-шараны жүзеге асыру аяқталу сатысында.

"Байқоңыр" кешенінде мемлекеттік бағдарламалардың

жүзеге асырылуы туралы 2017 жылдың 9 айына ақпараты

«Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық

комиссияның 5-ші отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы 

1-ші тармақ бойынша. «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары туралы.

2016 жылы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында Мемлекет Басшыларының кездесуі шеңберінде «Байқоңыр» кешені жөніндегі ҮАК тең төрағаларымен «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасы бекітілді.

Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын дайындау тапсырылды (ҚРП 2017 жылы 16 ақпандағы №12-38/311 тапсырмасы).

Осыны ескере отырып, Қызылорда облысының әкімдігімен әзірленіп жатқан «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Жиынтық жоспардың жобасына (одан әрі-Жиынтық жоспардың жобасы) тиісті ұсыныстар енгізілді.

Қазіргі таңда, ҚР ҚАӨМ жіберілген Жиынтық жоспардың жобасы бойынша Ресей тарапымен өзара іс-қимыл орнатылды (2017 жылы 14 шілдедегі №16-7-18/392-И хаты).

5-ші тармақ бойынша. Байқоңыр қаласының дамуын Қазақстан тарапымен қаржыландырудың тәртібі мен шарттары туралы.

ҮАК 5-ші отырысының қорытындысымен қолданыстағы инфрақұрылымды қайта жаңарту мен жаңғырту бөлігінде Байқоңыр қаласының дамуын Қазақстан Республикасымен қаржыландырудың келесі механизмі келісілді.

-Байқоңыр қаласының тұтынушыларын сумен, кәріз жүйелермен (суды бұру) қамтамасыз ететін жабдықтың және инженерлік инфрақұрылым кешенін және қайта өңдеуге және (немесе) жаңартуға жататын жылу жүйелері (әрі қарай-мүлік) Ресей Федерациясынан жалдан шығарылып, Қызылорда облысы әкімдігінің меншігіне 7 жылға ұзарту құқығымен беріледі.

-қайта өндеу және (немесе) жаңғырту жұмыстарын (бұдан әрі-жұмыс) жүргізу кезеңіне мүлік Байқоңыр қаласы әкімшілігінің пайдаланушы ұйымына Байқоңыр қаласы әкімшілігінің қала тұтынушыларына тарифті (коммуналдық қызметтің құны) белгілеу шарттарының және Байқоңыр қаласының халқына коммуналдық қызметтер үшін субсидиялау мүмкіндігінің сақталуымен беріледі. Сенімгерлік басқаруға беру тәртібі жекелеген нормативтік құжатпен белгіленеді.

-Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік заңнамаға сәйкес жұмыстарды қаржыландыру Қызылорда облысының әкімдігіне тиісті республикалық бюджет бағдарламаларының әкімшілері арқылы республикалық бюджеттен дамытуға мақсатты трансферттер бөлу жолымен жүзеге асырылады.

-жұмыстар жүргізілгеннен кейін Ресей Федерациясынан жалдан шығарылған мүлік Ресей Федерациясына жалға беріледі (қайтарылады).

Қаладағы жаңа нысандардың құрылысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік заңнама шеңберінде Қызылорда облысының әкімдігіне тиісті республикалық бюджет бағдарламаларың әкімшілері арқылы дамытуға республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлу жолымен жүзеге асырылады.

6-шы тармақ бойынша. Байқоңыр қаласын қамтамасыз ететін инфрақұрылымды (газбен, сумен қамтамасыз ету) дамыту туралы

ҚР және РФ арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау бойынша ынтымақтастық туралы Келісім жобасы әзірленді.

Қазіргі таңда, Байқоңыр қаласы әкімшілігі және ЦЭНКИ-дің ұсыныстары мен ескертулері Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен қаралуда. Тұрғын үйлерге газ беру және техникалық кестесі бекітілді.

Үйлердің техникалық дайындығы қамтамасыз етілді, 600 жаңа газ пештері мен саңылаулар сатылып алынды.

Газдандырудың бірінші кезектегі үйлерінде газ пештері ауыстырылды.

Байқоңыр қаласының әкімшілігі «ҚазТрансГаз» АҚ-мен бірлесе отырып Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін газ құнын және пайдалану шығындарын оңтайландыру және ықшамдау бойынша ұсыныстар әзірлеуде.

Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау бойынша:

Байқоңыр қаласының объектілерін Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру бойынша іс-қимыл Алгоритмі бекітілді.

Сумен жабдықтау және су бұру нысандарын қайта жаңғырту және жаңартудың ТЭН әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы қарастыру бойынша шаралар қабылдануда. ТЭН әзірлеуге шығындар 163 млн. 145 мың теңгені құрайды.

Сонымен бірге, 2017 жылға облыстың бюджетін нақтылаған кезде ТЭН әзірлеуді бастауға 15,0 млн. теңге қарастыру жоспарланып отыр (қалған қаржылар (148,1 млн. тенге) 2018 жылға).

Содан, аталған құжаттар әзірленгеннен кейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі арқылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту мен жаңартуға республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлуге бюджеттік өтінім енгізіледі.

7-ші тармақ бойынша. Байқоңыр қаласы дамуының бірлескен бағдарламасының жобасы туралы.

Үкіметаралық комиссиямен Тараптарға Байқоңыр қаласы дамуының бірлескен Бағдарламасының жобасын (бұдан әрі-Бағдарлама жобасы) әзірлеу және 2017 жылдың аяғына дейін белгіленген тәртіппен бекіту тапсырылды.

Байқоңыр қаласының әкімшілігі ескертулер және ұсыныстар ескере отырып Бағдарлама жобасын облыс әкімдігінің қарауына жіберді (2017 жылғы 10 тамызда №01/01/01/41-975).

"Байқоңыр" кешенінде мемлекеттік бағдарламалардың

жүзеге асырылуы туралы 2017 жылдың ІІ тоқсанына ақпарат

«Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық

комиссияның 4-ші отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы

-1.2. тармақ бойынша: «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық тұжырымдамасы туралы

2016 жылы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында Тұжырымдамаға қол қойылды. Оны іске асыру бойынша жұмыстар басталды.

-1.3. тармақ бойынша: 2014-2016 жылдарға арналған Байқоңыр қаласының, Төретам кентінің және Ақай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарын және 2014-2016 жылдарға арналған Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы

2014-2016 жылдарға арналған Байқоңыр қаласының, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша Кешенді жоспар шеңберінде барлығы 6.900.0 млн.теңгеден астамы игерілді.

Жұмыс жалғасуда.

РФ Байқоңыр қаласының әкімшілігі Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарын іске асыруды аяқтады, жалпы шығыны 512,538 млн. рубльден (2,562 млн.теңге) астам.

-1.4. тармақ бойынша: «Байқоңыр» кешенінде медициналық қызмет көрсету мәселелері туралы

2009 жылғы 17 қарашадағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында «Байқоңыр» ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы ҚР Үкіметі және РФ Үкіметі арасындағы Келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасы дипломатиялық арналар арқылы 2016 жылы 13 сәуірде ресей тарапына келісілуге жолданды (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің №15-29703/1233 хаты).

Осы уақытқа дейін Ресей тарапынан көрсетілген Хаттама жобасын қарау және оған ескертулер туралы жауап келіп түспеді.

1 тамыздан бастап Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы қызмет атқаруда.

Бірінші қабатта күндізгі бөлім, терапия және оңалту бөлімдері жұмыс жасайды.

67 адам жұмысқа орналастырылды, барлық бөлімдер толық жұмыс жасағанда 200-ден астам  адам жұмыспен қамтылатын болады.

-1.5 тармақ бойынша: «Байқоңыр» кешенінде туристік кластерді дамыту туралы

2016 жылы 2 қарашада «Байқоңыр» кешенінде туризмнің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен Бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаны іске асыру мерзімі-2016-2018 жылдары.

-2.1. тармақ бойынша: 1994 жылғы 10 желтоқсандағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру Шартының №2 қосымшасына «Байқоңыр» кешенінің объектілерінің координаттарын анықтау бөлігінде өзгерістерді енгізу туралы

Қазіргі уақытта ресей тарапымен Хаттама жобасын (11,6 мың га бойынша) келісу аяқталуда.

Қосымша (келісілмеген) жер участкелері (3,3 мың гектар) бойынша жұмыстар жалғасуда.

-3 тармақ бойынша: «Байқоңыр» кешеніндегі жекелеген объектілерді жалдық құрамнан кіргізу/шығару туралы

«Байқоңыр» кешеніндегі инфрақұрылым объектілерін (14 объекті) РФ жалдан шығару туралы шешімге 2017 жылы 15 ақпанда қол қойылды.

Объектілерді Ресейден жалдан шығару актісіне қосу үшін объектілердің техникалық жағдайына актілер дайындалуда.

-4 тармақ бойынша: Байқоңыр қаласын газбен жабдықтау мәселелерін шешу туралы

Қазақстан Республикасының энергетика министрлігімен Вице-министрдің төрағалығымен бірлескен жұмысшы топ құрылды. 

2016 жылы 17 қарашада жұмысшы топтың бірінші отырысы өткізілді. Отырыста Байқоңыр қаласын газбен жабдықтау мәселелерін өңдеу бойынша ҚР мемлекеттік органдарына тапсырмалар берілді.

Ағымдағы жылдың 20 наурызында Байқоңыр қаласының әкімшілігі жерүсті ғарыш инфрақұрылым нысандарын пайдалану орталығы (ЦЭНКИ) мәселелердің шешілу жолдарын талқылау үшін Қызылорда қаласына келуді жоспарлауда.

-5 тармақ бойынша: Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту бойынша жұмыстарды қаржыландыру туралы (Байқоңыр қаласы әкімшілігінің бастамасымен)

Байқоңыр қаласы әкімшілігімен «Байқоңыр» кешенін сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңғырту» жобасы бойынша ұсыныстар әзірленді. «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасы шеңберінде дайындалған Байқоңыр қаласын дамыту жөніндегі бірлескен ұзақ мерзімді бағдарлама жобасына қосу жоспарлануда.

-7 тармақ бойынша: Қазақстандық ұйымдар мен мекемелердің мұрағаттық құжаттарын Ресей Федерациясы «Байқоңыр қаласының мұрағаты» МКМ-нен Қазақстан Республикасының «Байқоңыр қалалық мұрағаты» МКМ-не беру туралы

Орындалды. Құжаттар берілді.

"Байқоңыр" кешенінде мемлекеттік бағдарламалардың

жүзеге асырылуы туралы 2017 жылдың І тоқсанына ақпарат

"Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысында «Байқоңыр» кешенінде одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасының жобасы қаралып, қорытындысымен тараптардың уәкілетті органдарына аталған жобаны пысықтау тапсырылды.

Тұжырымдамада Қазақстан және Ресей тарапынан «Байқоңыр» кешенін ұстап тұру және дамуын жоспарлау, оның ішінде «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін кұру бойынша бірлескен шешімдер қабылдау қарастырылуда.

Тараптар «Байқоңыр» кешенінің дамуын бірлесіп қаржыландыру, оның ішінде жаңа объектілер салу және Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын жаңғырту қажеттілігі туралы келісімге қол жеткізілді. 

Осыған орай, 2016 жылдың 26 желтоқсан күні РФ Санкт-Петербург қаласында Мемлекет басшыларының дәстүрлі кездесуінде "Байқоңыр" кешенінде одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасы бекітілді.

Қазіргі таңда, Тұжырымдама аясында Байқоңыр қаласының дамуының бірлескен ұзақ мерзімді Бағдарламасының жобасы әзірленіп, келісілу рәсімдері жүргізілуде.

Сонымен қатар, "Байқоңыр" кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бірлескен Бағдарламасын іске асыру жұмыстары басталды.

2016 жылы мына құжаттардың жүзеге асырылуы аяқталды:

1) «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған Жол картасы

2) Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай елді мекендерінің 2014-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары

«Байқоңыр» кешенін бірігіп пайдалану жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған Жол картасының орындалуы туралы 2016 жылдың қорытынды ақпараты

Р/с

Іс-шаралар атауы

Орындалуы

1

2

3

1

«Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен Бағдарламаны әзірлеу және іске асыру  (Жол картаның 6-тармағы)

ҮАК 4-ші отырысының тапсырмасына сәйкес 2016 жылы 2 қарашада «Байқоңыр» кешенінде туризмнің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен Бағдарлама бекітіліп қол қойылды. Бағдарламаны іске асыру мерзімі-2016-2018 жылдар.

2

Байланыс қызметін дамыту бойынша ұсыныстар беру

(Жол картаның 9-тармағы)

Іс-шара орындалды.

Аталған тапсырма бақылаудан алынды.

3

«Байқоңыр» кешеніндегі қазақстандық азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолдану туралы мәселені шешу (Жол картаның 10-тармағы)

После неоднократных разногласий Сторон по данному вопросу Заместитель Председателя Правительства Российской Федерации, сопредседатель МПК по комплексу «Байконур» Д. О. Рогозин 29 июля 2016 года в письме на имя Первого Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан (исх.№5566п-П7) предложил «в целях исключения предпосылок к возникновению социальной напряженности среди городского населения» снять вопрос с рассмотрения МПК.

4

Қазақстандық азаматтарды Қазақстан Республикасының білім беру стандарты бойынша қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқыту туралы мәселені шешу

(Жол картаның 11-тармағы)

Іс-шара орындалды.

Аталған тапсырма бақылаудан алынды.

5

Қазақстан Республикасының қажетті мемлекеттік органдарының Байқоңыр қаласында жұмыс істеуі туралы мәселені шешу

(Жол картаның 12-тармағы)

 «Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы» ҚРмен РФ арасындағы Келісімге өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жобасы ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен қол қоюға әзірленуде.

6

Балаларды мектепке деінгі мекемелермен қамтамасыз ету бойынша мәселені шешу

(Жол картаның 13-тармағы)

 Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты.

Осыған орай, аталған тапсырманы бақылаудан алу ұсынылады.

7

Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік саланы дамыту туралы мәселені шешу, соның ішінде кейбір мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс істейтін тауар нарығына талдау жүргізу, олардың кейбір қызметтерін бәсекелестік ортаға беру мүмкіндігі туралы мәселені зерттеу

(Жол картаның 14-тармағы)

Байқоңыр қаласының, Төретам кентінің және Ақай ауылдық округінің 2014-2016 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының Кешенді жоспары шеңберінде «Бизнестің Жол картасы-2020», «Аймақтар дамуы» және «Аймақтық инвестициялық орталық «Қызылорда» ЖШС тізбесі бойынша жалпы соммасы 278.7 млн.теңгені құрайтын 23 инвестициялық жоба (кірпіш зауытының құрылысы, жылыжай кешені, сауда орталықтары және т.б.), іске асырылды, оның ішінде жалпы соммасы 60.0 млн.теңгені құрайтын Байқоңыр қаласы бойынша 1 жоба.

Сондай-ақ, облыс әкімдігімен  2015 жылы 27 қарашада «Байқоңыр» кешенінде кәсіпкерлік және туризмді дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылған «Жаңа экономикалық жағдайда Қызылорда облысының шағын және орта бизнесін түрлендіру және бейімдеу бойынша Жол картасы» бекітілді.

Осы мәселе бойынша Байқоңыр қаласының әкімшілігінің ақпараты 2016 жылы 18 қарашада №01-1/41-1977 хатпен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне ұсынылды.

8

Байқоңыр қаласындағы коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетуге бағытталған кешенді шараларды әзірлеу (т.15 ЖК)

 «Байқоңыр» кешені жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы 2-ші отырысы барысында (2014 жылғы 24 қараша) Тараптар екі мемлекет бойынша энерго тасымалдағыштарға шығындардың өсуі мәселесін әрі қарай қараудың болашағы жоқтығын атап өтті. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі осы іс-шараны іске асыруда құқықтық негіздің болмауы ықтимал деп санайды.

Осы тармақты бақылаудан алу ұсынылады.

9

«Байқоңыр» кешенінде қосарлы салық салуды алып тастау жөніндегі мәселені шешу (т.16 ЖК)

2016 жылғы 12 сәуірде РФ Мәскеу қаласында «Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы» ҚР мен РФ арасындағы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жобасына (ескертпе: қосарланған салық салуды алып тастау туралы) қол қойылды.

Қазіргі таңда Келісімді ратификациялау жұмыстары жүргізілуде.

Осы тармақты бақылаудан алу ұсынылады.

10

2014-2016 жылдарға арналған Байқоңыр қаласының, Төретам кентінің және Ақай ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша Кешенді жоспар шеңберінде Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын бірлесіп дамыту (т.17 ЖК

Аяқталу сатысында.

 4-ші отырыста комиссия Тараптармен бекітілген кешенді жоспардың іс-шараларын жүзеге асыруды аяқтау қажет деп атап айтты.

Байқоңыр қаласын, Төретам кенті және Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамытудың  2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыруға 6.8 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарын орындау бойынша Байқоңыр қаласының әкімшілігінің ақпараты 2016 жылы 18 қарашада №01-1/41-1977 хатпен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне ұсынылды.

«Байқоңыр» кешенін бірігіп пайдалану жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған Жол картасының орындалуы туралы IIІ тоқсан бойынша ақпараты

р/с

Іс-шаралар

Орындалуы

1

2

3

1

«Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен Бағдарламаны әзірлеу және іске асыру

(Жол картаның 6-тармағы)

2016 жылғы 7-8 шілде күні Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында өткізілген «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысының(бұдан әрі-ҮАК 4-ші отырысы) хаттамалық тапсырмаларына сәйкес  ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен «Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен Бағдарлама жобасы әзірленді. Қазіргі таңда Жоба ресей тарапына жолданылып, «Роскосмос» ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік корпорациясымен қаралуда.

2

Байланыс қызметін дамыту бойынша ұсыныстар беру

(Жол картаның 9-тармағы)

Іс-шара орындалды.

Аталған тапсырма бақылаудан алынды.

3

«Байқоңыр» кешеніндегі қазақстандық азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолдану туралы мәселені шешу

(Жол картаның 10-тармағы)

ҮАК 4-ші отырысында «Байқоңыр» кешеніндегі қазақстандық азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолдану туралы мәселе бойынша қазақстан тарапымен белгіленген тәртіппен тиісті ұсыныстар, сондай-ақ «Байқоңыр» кешенінің аумағында құқық тәртібін қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының өзара іс қимылдары туралы» ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметінің арасындағы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жобасы Ресей тарапына келісілуге жолданғандығы назарға алынды. Сонымен қатар, комиссия ресей тарапына ү.ж. 1 қыркүйегіне дейін мерзімде өзінің ұстанымын қазақстан тарапына белгіленген тәртіппен жолдауды тапсырды.

4

Қазақстандық азаматтарды Қазақстан Республикасының білім беру стандарты бойынша қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқыту туралы мәселені шешу

(Жол картаның 11-тармағы)

Іс-шара орындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №12-38/76 тапсырмасына сәйкес Жол картаның 11-тармағы бақылаудан алынды.

5

Қазақстан Республикасы қажетті мемлекеттік органдарының Байқоңыр қаласында жұмыс істеуі туралы мәселені шешу

(Жол картаның 12-тармағы)

«Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы» ҚРмен РФ арасындағы Келісімге өзгерістермен толықтыруларенгізу туралы Хаттама жобасы ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен әзірленіп, қазіргі таңда ол Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілуде.

6

Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету мәселесін шешу

(Жол картаның 13-тармағы)

Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты.

Осыған орай, аталған тапсырманыбақылаудан алу ұсынылады.

7

Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік саласын дамыту туралы мәселені шешу, соның ішінде кейбір мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс істейтін тауар нарығына талдау жүргізу, олардың кейбір қызметтерін бәсекелестік ортаға беру мүмкіндігі туралы мәселені зерттеу

(Жол картаның 14-тармағы)

Байқоңыр қаласының, Төретам кентінің және Ақай ауылдық округінің 2014-2016 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының Кешенді жоспарымен 17 жобаны іске асыратын (кірпіш зауытының құрылысы, жылыжай кешені, сауда орталықтары және т.б.) Байқоңыр қаласындағы туризм және кәсіпкерлікті дамыту Жоспары қарастырылған.

Төретам және Ақай елді мекендерінде шағын және орта бизнесті дамытуға жыл сайын екі несие беруге, несиелеу көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Қазіргі уақытта облыс әкімдігімен Байқоңыр қаласының жанынан индустриалды туристік аймақ құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, облыс әкімдігімен  2015 жылы 27 қарашада «Байқоңыр» кешенінде кәсіпкерлік және туризмді дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылған «Жаңа экономикалық жағдайда Қызылорда облысының шағын және орта бизнесін түрлендіру және бейімдеу бойынша Жол картасы» бекітілді.

8

Байқоңыр қаласындағы коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетуге бағытталған кешенді шараларды әзірлеу

(Жол картаның 15-тармағы)

ҚР ҰЭМ ақпараты бойынша (№38-04/2762//12-38/76  06.04.2016 ж.) Байқоңыр қаласының ерекше мәртебесіне сәйкес коммуналдық қызметтерді мемлекеттік реттеу баға әдістемесі негізінде жүзеге асырылады.

«Байқоңыр» кешені жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы 2-ші отырысы барысында (2014 жылғы 24 қараша) Тараптар екі мемлекет бойынша энерго тасымалдағыштарға шығындардың өсуі мәселесін әрі қарай қараудың болашағы жоқтығын атап өтті. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі осы іс-шараны іске асыруда құқықтық негіздің болмауы ықтимал деп санайды.

Осы тармақты бақылаудан алу ұсынылады.

9

«Байқоңыр» кешенінде қосарланған салық салуды алып тастау жөніндегі мәселені шешу

(Жол картаның 16-тармағы)

2016 жылғы 12 сәуірде РФ Мәскеу қаласында «Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы» ҚР мен РФ арасындағы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жобасына (ескертпе: қосарланған салық салуды алып тастау туралы) қол қойылды.

Қазіргі таңда Келісімді ратификациялау жұмыстары жүргізілуде.

10

Байқоңыр қаласының, Төретам кентінің және Ақай ауылдық округінің 2014-2016 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының Кешенді жоспары шеңберінде Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын бірлесіп дамыту

(Жол картаның 17-тармағы)

Байқоңыр қаласын, Төретам кенті және Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамытудың  2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспары 2014 жылы 12 желтоқсанда бекітілді.

            Жоспарда барлығы 35 тармақ.

Оның іске асуына 6350,8 млн.теңге қарастырылған.

      Оның ішінде:

      - мемлекеттік бюджеттен-1560,5 млн.теңге;

      - облыстық бюджеттен-2140,7 млн.теңге;

      - аудандық бюджеттен-37,6 млн.теңге;

      - кәсіпкерлер мен ұйымдардың меншік қаражатынан-2612,0 млн.теңге.

 2015 жылдың 1 қазанына 4376,1 млн.теңгеге жуық игерілді. Оның ішінде:

Бюджет қаражаты- 3122,1 млн.теңге;

Меншік қаражаты- 1254,0 млн.теңге.

Кешенді жоспар (2014-2016 ж.ж) тармақтарының орындалуы бойынша:

- толығымен орындалғаны-12;

- орындалмағаны-5;

- орындау сатысында-12;

2016 жылы 6 тармақ орындалады деп қарастырылуда.

«Байқоңыр» кешенін бірігіп пайдалану жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған Жол картасының орындалуы туралы II тоқсан бойынша ақпараты

Р/с

Іс-шаралар атауы

Орындалуы

1

2

3

1

«Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен Бағдарламаны әзірлеу және іске асыру  (Жол картаның 6-тармағы)

Қазіргі таңда, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес «Байқоңыр» кешенінде туризмнің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі Бағдарлама жобасыәзірленіп, РФ«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясыныңқарауына жолданды.

Осыған орай, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясыменБағдарлама жобасындағы ұсыныстар ескеріле отырып,«Байқоңыр» кешеніне шетел туристерінің кіруіне рұқсатнама өтінімдерін қарауды 10 күнге дейін қысқарту туралы (2016 жылғы 9 наурыздағы №СС-1102 хаты) және Қызылорда облысы әкімдігінің  «Байқоңыр» кешеніне кіруге өтінім беруқұзыреттілігін қарау тәртібі туралы нұсқаулық әзірленуде.

Қазақстан тарапынан аталған мәселе ҮАК 4-ші отырысының күн тәртібіне ұсынылып отыр.

2

Байланыс қызметін дамыту бойынша ұсыныстар беру

(Жол картаның 9-тармағы)

Іс-шара орындалды.

Аталған тапсырма бақылаудан алынды.

3

«Байқоңыр» кешеніндегі қазақстандық азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолдану туралы мәселені шешу (Жол картаның 10-тармағы)

Қазіргі таңда, «Байқоңыр»

кешеніндегі қазақстандық азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолдану туралы мәселені шешу туралы ұсыныс РФ қаралуда.

Аталған мәселе ҮАК 4-ші отырысының күн тәртібіне ұсынылып отыр.

4

Қазақстандық азаматтарды Қазақстан Республикасының білім беру стандарты бойынша қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқыту туралы мәселені шешу

(Жол картаның 11-тармағы)

Іс-шара орындалды.

Аталған тапсырма бақылаудан алынды.

5

Қазақстан Республикасының қажетті мемлекеттік органдарының Байқоңыр қаласында жұмыс істеуі туралы мәселені шешу

(Жол картаның 12-тармағы)

Ресей тарапымен Хаттама жобасына елеулі сипаттатолықтырулар енгізуіне байланысты ҚРПрезидентінің 2015 жылдың 9 қазандағы №97 Жарлығына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр.

ҚРИнвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының мүдделі органдарымен бірлесіп Хаттама жобасын қол қоюға дайындау үстінде.

Аталған мәселе ҮАК 4-ші отырысының күн тәртібіне ұсынылып отыр.

6

Балаларды мектепке деінгі мекемелермен қамтамасыз ету бойынша мәселені шешу

(Жол картаның 13-тармағы)

Янгель көшесі 7А орналасқан №11 балабақшаға күрделі жөндеу жұмысы аяқталғанына және оның іске қосқаннан кейін Байқоңыр қаласындағы мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету мәселелері толығымен шешілді.

ЖК 13 т. Бақылаудан алу ұсынылады.

7

Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік саланы дамыту туралы мәселені шешу, соның ішінде кейбір мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс істейтін тауар нарығына талдау жүргізу, олардың кейбір қызметтерін бәсекелестік ортаға беру мүмкіндігі туралы мәселені зерттеу

(Жол картаның 14-тармағы)

Кешенді жоспармен 17 жобаны іске асыруды қоса алғанда (кірпіш зауытының, жылыжай кешенінің, сауда орталықтарының құрылысы) Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік пен туризмді дамыту Жоспары қарастырылған. «Ақай ауылдық округінде шағын нан пісіру наубайханасы құрылысы» жобасын несиелеуді «аумақтық инвестициялық орталық» жүзеге асырады.  Төретам және Ақай елді мекендерінде шағын және орта бизнесті дамытуға жыл сайын екі несие беруге, несиелеу көлемін ұлғайту жоспарлануда. 2015 жылғы 27 қарашадада «Жаңа жағдайда Қызылорда облысында шағын және орта бизнести бейімдеу және трансформациялау бойынша Жол картасы»  Қызылорда облысының әкімдігімен бекітілген, онда «Байқоңыр» кешеніндегі кәсіпкерлік және туризмді дамыту бойынша іс шараларды жүзеге асыру қарастырылған.

Кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін облыстық жобалық кеңсе ашу мәселесе өңделуде.

8

Байқоңыр қаласындағы коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетуге бағытталған кешенді шараларды әзірлеу (т.15 ЖК)

«Байқоңыр» кешені жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы 2-ші отырысы барысында (2014 жылғы 24 қараша) Тараптар екі мемлекет бойынша энерго тасымалдағыштарға шығындардың өсуі мәселесін әрі қарай қараудың болашағы жоқтығын атап өтті. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі осы іс-шараны іске асыруда құқықтық негіздің болмауы ықтимал деп санайды.

9

«Байқоңыр» кешенінде қосарлы салық салуды алып тастау жөніндегі мәселені шешу (т.16 ЖК)

«1995 жылғы 23 желтоқсандағы Байқоңыр қаласының мәртебесін қалыптастыру және оның атқарушы билік органдарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы»  Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы «Байқоңыр»кешеніндегі қосарланған салық салуды болдырмау тұрғысында  2016 жылдың 12 сәуірінде Мәскеу қаласында қол қойылды.Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген Келісімді ратификациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

10

2014-2016 жылдарға арналған Байқоңыр қаласының, Төретам кентінің және Ақай ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша Кешенді жоспар шеңберінде Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын бірлесіп дамыту (т.17 ЖК

Аяқталу сатысында.

Қызылорда облысының әкімдігі және Байқоңыр қаласының әкімшілігі Тараптардың 2016 жылдың 15-16 маусымында Астана қаласында өткізілген сарапшы топтарының кеңес беруі барысында 2016 жылдың аяғына дейін кешенді жоспарды іске асыруды аяқтайды деген шешімге келді.

Мәселе ҮАК 4-ші отырысының күн тәртібіне енгізілді.

«Байқоңыр» кешенін бірігіп пайдалану бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру туралы ақпарат

р/н

Іс шара (проблемалар)

Жүзеге асыру барысындағы проблемалар

1

2

3

1

«Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен Бағдарламаны әзірлеу және іске асыру  (т.6 ЖК)

Жол картасының 2014-2016 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенін бірігіп пайдалану бойынша  6 тармағына сәйкес «Байқоңыр» кешеніндегі туристік кластерді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Байқоңыр» кешенінде туристік потенциалды пайдалану үшін халықаралық көрме «ЭКСПО-2017» өткізу кезеңінде «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы және жерүсті ғарыш инфрақұрылым нысандарын пайдалану орталығымен (ЦЭНКИ) бірге «Байқоңыр» кешеніндегі туризмді дамыту Тұжырымдамасы дайындалды. Тұжырымдамада 2016 жылға арналған тур операторларын іріктеу алгоритмі қарастырылған.

Қазақстан-Ресейлік бірлескен жұмысшы тобы құрылды.

Осы Тұжырымдама «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссия отырысында таныстырылды.

Үкіметаралық комиссия 3-ші отырысының қорытындысы бойынша келесі тапсырмалар берілді:

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне, Роскосмосқа, Қызылорда облысының әкімдігіне, Байқоңыр қаласының әкімшілігіне «Байқоңыр» кешеніндегі әзірленген Тұжырымдамамен туризмнің инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен Бағдарламаны, «Байқоңыр» кешенін бірігіп пайдалану бойынша 2014-2016 жылдарға арналған (6 тармақ) жол картасын іске асыру және келісу бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.

         Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне және Роскосмосқа «Байқоңыр» кешеніне шет ел туристерінің кіруіне рұқсатнама өтінімдерін қарауды 10 күнге дейін қысқарту мүмкіндігін мүдделі органдармен бірге әзірлеу, сондай-ақ Қызылорда облысы әкімдігінің, оның ішінде туристермен «Байқоңыр» кешеніне кіруге  ресей тарапына өтінім беруге құзіреттілігін қарауға тапсырма берілді.

2

Байланыс қызметін дамыту бойынша ұсыныстар беру (т.9 ЖК)

 Байқоңыр қаласында АҚ «Қазақтелеком» телекоммуникациялық құрылым құру мәселесін шешуге ҚР байланыс және ақпарат агентствасының ақпараты бойынша  байланыс ғимаратында құрал жабдықтарды орналастыру үшін техникалық жағдай мүмкіндігі жоқ. 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 12-38/76 ҚРҮ-нің тапсырмасымен 9-тармақ бақылаудан алынды.

3

«Байқоңыр» кешеніндегі қазақстандық азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолдану туралы мәселені шешу (т.10 ЖК)

Осы мәселе «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 2-ші және 3-ші отырысында талқыланды. Байқоңыр қаласының аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолдану туралы ұсыныстарды Ресей тарапына белгіленген тәртіпте үш айлық мерзімде ұсынуға Қазақстан тарапына шешім қабылданды.  

Ресей тарапына Қазақстан тарапынан ұсыныстарды алғаннан кейін ұсынылған ұсыныстарды мемлекеттік биліктің мүдделі органдарымен (Әділет Министрлігі, ІІМ, және басқалар) үш айлық мерзімде қарауға, сондай-ақ Байқоңыр қаласының әкімшілігі Қазақстан тарапына қарау нәтижесі туралы хабардар етуге.

6 айдан кейін жұмыс қорытындысы Комиссия отырысына ұсынылады.

4

Қазақстандық азаматтарды Қазақстан Республикасының білім беру стандарты бойынша қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқыту туралы мәселені шешу

(т.11 ЖК)

2014 жылы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасында білім мекемелерін  беру туралы келісім шеңберінде ҚР мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес, 2015 жылы 1 қыркүйектен бастап Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп және 1 балабақша оқыту және тәрбиелеу жұмыстары қазақ тілінде жүргізіледі.

2015 жылғы 26 қаңтардағы № 12-38/76 ҚРҮ-нің тапсырмасымен 11-тармақ бақылаудан алынды.

5

Қазақстан Республикасы қажетті мемлекеттік органдарының Байқоңыр қаласында жұмыс істеуі туралы мәселені шешу

(т.12 ЖК)

2014 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға байланысты 2014 жылы 18 маусымда көрсетілген Хаттамаға (№843) қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Тиісті өзгертулер енгізу қажет. Хаттама жобасының мәртебесі қазақстан тарапымен дайындлған ҮАК 3-ші отырысында қол қоюға дайындық жұмысын 2016 жылдың 1-ші жарты жылдығына аяқтауды ұсынды.Қазіргі уақытта тараптардың мүдделі мемлекеттік органдары Хаттамаға қол қою дайындық рәсімдерін аяқтауда.

6

Балаларды мектепке деінгі мекемелермен қамтамасыз ету бойынша мәселені шешу

(т.13 ЖК)

Байқоңыр қаласын, Төретам кентін және Ақай ауылдық округін әлеуметтiк  экономикалық дамытудың 2014 – 2016 жылдарға арналған    Кешенді жоспарына сәйкес 2014 жылы Төретам кентінде 280 орындық балабақша құрылысы аяқталып, 2015 жылы Ақай ауылдық округінде 280 орындық балабақша құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, Ақай ауылдық округінде «Балдаурен» № 19 балабақшасын жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Байқоңыр қаласының әкімшілігі 6 шағын аудандағы №23 балабақша ғимарактына күрделі жөндеу жұмысын жүргізді және Сейфуллин көшесі, 8А орналасқан №21 балабақшаға ішінара күрделі жөндеу жұмысын жүргізід. Электронды сауда алаңында Янгель көшесі 7А орналасқан №11 балабақшаға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жөнінде аукцион өткізілетіні туралы ақпарат жарияланған.

7

Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік саланы дамыту туралы мәселені шешу, соның ішінде кейбір мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс істейтін тауар нарығына талдау жүргізу, олардың кейбір қызметтерін бәсекелестік ортаға беру мүмкіндігі туралы мәселені зерттеу

(т.14 ЖК)

Кешенді жоспармен 17 жобаны іске асыруды қоса алғанда (кірпіш зауытының, жылыжай кешенінің, сауда орталықтарының құрылысы) Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік пен туризмді дамыту Жоспары қарастырылған. «Ақай ауылдық округінде шағын нан пісіру наубайханасы құрылысы» жобасын несиелеуді «аумақтық инвестициялық орталық» жүзеге асырады.  Төретам және Ақай елді мекендерінде шағын және орта бизнесті дамытуға жыл сайын екі несие беруге, несиелеу көлемін ұлғайту жоспарлануда. 2015 жылғы 16 маусымда «ерекше кезеңдегі экономиканың жағдайында Қызылорда облысында кәсіпкерлікті және туризмді дамыту Жол картасы»  Қызылорда облысының әкімдігімен бекітілген. Байқоңыр қаласының маңынан салуға жоспарланған индустриалды-туристік аймақ Тұжырымдамасының жобасы дайындалды. Байқоңыр қаласының әкімшілігі қаладағы кәсіпкерлік және туризмді дамытуға көмек беру мәселесін қарастыруда.

8

Байқоңыр қаласындағы коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетуге бағытталған кешенді шараларды әзірлеу (т.15 ЖК)

Үкіметаралық комиссиясы 2-ші отырысының қорытындысы бойынша Байқоңыр қаласында коммуналдық тарифтердің өсуін шектеуге байланысты мәселелер ұсынылды. 2009 жылы 24 қыркүйекте құрылған «Байқоңыр» кешенін энергиямен жабдықтау мәселелерін жедел шешу бойынша қазақстандық-ресейлік жұмысшы тобына қарауға берілсін.

9

«Байқоңыр» кешенінде қосарлы салық салуды алып тастау жөніндегі мәселені шешу (т.16 ЖК)

ҚР қаржы Министрлігінің ақпараты бойынша (2015 жылғы 8 қыркүйектегі №8602) «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Байқоңыр қаласының мәртебесін қалыптастыру және оның атқарушы билік органдарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы»  ҚР Үкіметі Қаулысының Жобасы қаржы, энергетика және инвестициялар және даму министрліктерімен келісілген. ҚР СІМ және ҚР ӘМ Ресей Федерациясынан жауап болмағандықтан Жоба келісілген жоқ. Үкіметаралық комиссияның 3-ші отырысының қорытындысы бойынша келесі тапсырмалар берілді:

үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысының күн тәртібіне енгізілді. ҚР қаржы министрлігі және РФ қаржы министрлігіне 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін хаттама жобасын мемлекетішілік келісуге қамтамасыз етуге және 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Байқоңыр қаласының мәртебесін қалыптастыру және оның атқарушы билік органдарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттама Жобасына «Байқоңыр» кешеніндегі қосарланған салық салуды болдырмау тұрғысында  2016 жылдың 1 маусымына дейін оны қол қоюға ұсынуға тапсырылды.

10

2014-2016 жылдарға арналған Байқоңыр қаласының, Төретам кентінің және Ақай ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша Кешенді жоспар шеңберінде Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын бірлесіп дамыту (т.17 ЖК)

Байқоңыр қаласын, Төретам кенті және Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамытудың  2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспары 2014 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысы мәслихатымен бекітілді.

Жоспарда барлығы 35 тармақ.

Оның іске асуына 6350,8 млн.теңге қарастырылған.

Оның ішінде:

- мемлекеттік бюджеттен-1560,5 млн.теңге;

- облыстық бюджеттен-2140,7 млн.теңге;

- аудандық бюджеттен-37,6 млн.теңге;

 - кәсіпкерлер мен ұйымдардың меншік қаражатынан-2612,0 млн.теңге.

 2015 жылдың 1 қазанына 4376,1 млн.теңгеге жуық игерілді. Оның ішінде:

Бюджет қаражаты- 3122,1 млн.теңге;

Меншік қаражаты- 1254,0 млн.теңге.

Кешенді жоспар (2014-2016 ж.ж) тармақтарының орындалуы бойынша:

- толығымен орындалғаны-12;

- орындалмағаны-5;

- орындау сатысында-12;

2016 жылы 6 тармақ орындалады деп қарастырылуда.

2015 жылы Кешенді жоспар шеңберінде қолданысқа енгізілді:

1) Төретам кентінде:

-2 үй күрделі жөндеуден өтті.

2) Ақай ауылдық округінде:

-280 орындық балабақша пайдалануға берілді;

-Ақай ауылдық округуінің сумен жабдықтау жүйесін кеңейту және қайта жаңарту жұмыстары аяқталу барысында;

- 600 орындық орта мектеп құрылысы аяталуда.

Кешенді жоспардың іс-шарасын іске асыруға 2015-2016 жылдарға мемлекеттік бюджеттен 5 негізгі тармақ бойынша 5 млрд. 205 млн. 906 мың теңге қажет.

Ақай елді мекені маңында Сырдария өзені арқылы көпір салу құрылысына республикалық бюджеттен 3 302,506 млн.теңге қажет. Ақай ауылдық округінде 35/6 кВ     № 14 ҚС-ты кеңейту және қайта құру үшін тағы 75,0 млн.теңге қарастырылуда. Өтініш берілді (2015 жылғы 10 наурыздағы №04/1-4/1570 хат). Қаржы бөлінген жоқ.

Төретам кенті және Ақай ауылдық округі үшін  газ жеткізетін құбырын  және кварталішілік желілерін салу құрылысына 1 828,4 млн.теңге. Көрсетілген сомма 2016жылға арналған (2015 жылғы 5 наурыздағы №04/1-4/1506 хат). Қаржы бөлінген жоқ.

Сонымен бірге Байқоңыр қаласындағы қазақ тіліндде білім беретін мектептерді қамтамасыз ету үшін 982,1 млн.теңгеге трасферт қарастырылған және Ақай ауылдық округіндегі мектеп пен балабақша құрылысына 780,9 млн.теңге. Көрсетілген сомма бөлінген және игерілуде.

Байқоңыр қаласының әкімшілігі Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекітті (2014 жылғы 4 желтоқсандағы №01-1/41-1822 хатпен).

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 08-01-2018 12:17

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика