Новость:: 

Жақында Байқоңыр қаласында Мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Виталий Брынкин болды.

Виталий Брынкин №277 мектеп-лицейінің, Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасының жұмысымен, одан кейін 7 шағынаудандағы 5 тұрғын үй аумағын абаттандыру барысымен танысты.

Сонымен қатар, Виталий Брынкин 90-шы жылдардың басында Байқоңыр қаласында жұмыс істеген әріптестерімен кездесті.

Айта кетейік, бүгінде Мәскеу қаласында тұратын Виталий Брынкин еліміздің бірнеше өңірінде басшылық қызметте болып, өзі қызмет істеген жердің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосты. Ол, 1987 жылы Қызылорда облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 1989 жылдан еліміз тәуелсіздік алғанға дейін облыстық атқару комитетінің төрағасы болды. 1992 жылдан 1994 жылға дейін Ленинск (Байқоңыр) қаласы Әкімшілігінің Басшысы болып жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, содан кейін РФ Президентінің Әкімшілігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

 

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 13-09-2019 11:03
Жаңартылған күні: 13-09-2019 11:03

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика