Новость:: 

1қазан күні Байқоңыр қаласы, Ардагерлер үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының ұйымдастыруымен "Қарттарым - асыл қазынам" атты қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара  болып өтті. Мерекелік іс-шараға Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылдық округінің ардагерлері, "Нұр Отан" партиясының Байқоңыр қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Б.Бекпанов, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Н.Адасев және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ә.Қорғанбаев ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, сыйлық табыс етті. Келген қонақтар да ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Соңы концертке ұласып, мерекелік дастарханда жалғасты. Ардагерлер өз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 01-10-2018 18:20
Жаңартылған күні: 01-10-2018 18:20

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
6 + 13 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика