Новость:: 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Байқоңыр филиалының төрайымы Сыражанова Қ. қорытынды жиналысты ашып, жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, жыл көлемінде жүргізілген жұмыстар бойынша мекемелердегі бастауыш ұйымдарының жұмыстарына тоқталып, өздерінің белсенділігімен көзге түскен бірқатар оқушылар марапатталды.

Басқарма басшысының алғыс хаттарымен мекемелердегі бастауыш ұйымдарының төрайымдары марапатталды. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Байқоңыр филиалының жылдық қорытындысы бойынша Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасы үздік бастауыш ұйымы «Дипломымен» марапатталды.

Шара барысында аудандық мәслихат депутаты Е.Рзалиев, «Аналар кеңесі» төрайымының орынбасары Ш.Махмутова қатысып отырған мектеп оқушыларын бағалы сыйлықтармен марапаттап, Жаңа жылдарымен құттықтады.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 13-01-2020 10:18
Жаңартылған күні: 13-01-2020 10:18

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 11 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика