Қызылорда облысының 2019 жылдың қаңтар-сәуір
айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
 
Өнеркәсіп. 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 293,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2019 жылы жалпы құны 37,3 млрд.теңгені құрайтын, 431 жұмыс орындары құрылатын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар:
1) «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas» ЖШС)
Жоба құны – 36,7 млрд. теңге, 
Қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна;
Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орны – 226 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жыл желтоқсан.
2) «Күйдірілген кірпіш өндірісі зауыты» («АКТАЛ» ЖК)
Жоба құны – 30,8 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 4 млн.дана кірпіш;
Жүзеге асырылу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орындары- 45 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жылдың 1 жартыжылдығы.
3) «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» («Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС)
Жоба құны – 160 млн. теңге;
Қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық;
Жүзеге асу орны – Арал ауданы;
Жұмыс орны – 100 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жылдың 2 жартыжылдығы.
4) «Күрішті өңдеу және құрама жем өндірісін ұйымдастыру» («Таң LTD» ЖШС)
Жоба құны - 397 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 3 мың тонна құрама жем;
Жұмыс орындары - 60 адам;
Жүзеге асырылу орны - Шиелі ауданы;
Жобаның 1 кезеңін іске қосу - 2019 жылдың 3 тоқсанында жоспарлануда.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 98,2 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 188,2 пайыз. 
Құрылыс жұмыстардың көлемі 13,9 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 109,0 пайыз.
176,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 118,8 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 13,6 млрд.теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 101,4 пайыз.
Есепті кезеңде 10,6 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (101,2 пайыз), 23,8 мың тонна сиыр сүті (101,9 пайыз), 2,4 млн. дана жұмыртқа (130,9 пайыз) өндірілді. 
Көлік. 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында жүк тасымалдау көлемі 25,6 млн.тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,7 пайызды құрады. Жүк айналым көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға артып, 4 143 млн. тонна шақырымды құрады.
Автокөлік кәсіпорындарымен 114,8 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артқан. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 3,5 пайызға өсіп, 2 181 млн. жолаушы шақырымға жетті.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2018 жылға).
9028 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 3606 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 3409 адам, жастар тәжірбиесімен 1239 адам, әлеуметтік жұмыстарға 774 адам жіберілді. 
2019 жылдың 1 мамырына 3661 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 3590 тұрақты. 
2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 129 702 теңгені құрады, яғни 2017 жылдың тиісті кезеңіне 105,2 пайыз. 
Тұтыну бағаларының индексі 2019 жылдың сәуір айында 2018 жылдың желтоқсанына қарағанда 101,8 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 104,9 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 101,4 пайыз, ақылы қызметке – 98,2 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 50,4 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 112,9 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 33,9 млрд. теңге түсті (болжамға 160,0 пайыз), жергілікті бюджетке 16,5 млрд. теңге (болжамға 130,2 пайыз).  
 
Құрылған күні: 16-05-2019 16:31
Жаңартылған күні: 16-05-2019 16:18

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика