Новость:: 

23 желтоқсан 2019 жыл, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің құрылғанына 25 жыл толды.

Байқоңыр қаласының әкімшілігі 1994 жылдың 23 желтоқсанынан бастап құрылды. Бұл күні Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің "Ленинск қаласы әкімшілігінің басшысын тағайындау туралы" шешімге қол қойылған болатын. Бұл шешім 1994 ж. 28 наурыздағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудағы ҚР мен РФ арасындағы негізгі қағидаттары мен шарттары туралы» Келісімге сәйкес қабылданды.

Қала әкімшілігінің өкілеттігі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр қаласының мәртебесі, оның атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен мәртебесі туралы» Келісімде айқындалған.

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясының Президентінің бірлескен шешімімен тағайындалады.

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшылары - 1994 жылдан 2001 жылға дейін Геннадий Дмитриевич Дмитриенко болды, 2002 жылдан 2013 жылға дейін Александр Федорович Мезенцев; 2013 жылдан 2017 жылға дейін Анатолий Петренко.

2017 жылдың маусым айында Байқоңыр қаласы Әкімшілігінің Басшысы болып Константин Дмитриевич Бусыгин тағайындалды.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 24-12-2019 15:19
Жаңартылған күні: 24-12-2019 15:13

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 11 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика