Новость:: 

"Байқоңыр" кешені бойынша  6-шы Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссияның тапысырмаларын орындауға байланысты облыс әкімінің орынбасары Б. Намаевтың төрағалығымен ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының мәжіліс залында жиналыс  өтті.  Кездесуде Байқоңыр қаласының 7 шағын ауданындағы жаңадан салынған бес көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерін бөлуді ұйымдастыру, Байқоңыр қаласының аумағындағы газ шаруашылығын ұстау, қызмет көрсету және пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және авариялық-диспетчерлік қызмет құру, қаладағы мектептердің бірін Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартына көшіру қажеттілігі туралы мәселені пысықтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Б. Намаев жиналыс қатысушыларына Қармақшы ауданының әкімі лауазымына тағайындалған М. О. Қалдарбековті таныстырды. Кездесу барысында бірқатар тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Б. Намаев Қазақстан Республикасының ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов және 1995 – 2004 жылдары ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметін атқарған  Е.Нұрғалиевпен кездесті. Кездесу барысында Б.Намаев Байқоңыр қаласында атқарылып жатқан жұмыстармен қонақтарды таныстырды.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 13-09-2019 11:27
Жаңартылған күні: 13-09-2019 11:27

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 15 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика