Новость:: 

Байқоңыр қаласының орталық алаңында Наурыз мейрамы аталып өтті. Байқоңыр қаласы әкімшілігі Басшысының міндетін атқарушы В.В. Лопаткин мен Қармақшы ауданының әкімі С.Ы.Мақашов қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтап ізгі тілектерін жеткізді. Қазақ халқының дәстүрінде Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамының орны ерекше. Қала тұрғындары мен қонақтары Наурыз мейрамын көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Орталық алаңда  ұлттық нақышта жабдықталған ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, наурыз көже таратылып, ұлттық дәстүрлерден көріністер көрсетілді. Ата-бабадан жалғасқан салт-дәстүрлер тойбастар, тұсау кесер, көріністері қойылып, қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты. Сонымен қатар, Наурыз мейрамы мен бірге орталық алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрменке барысында ассортиментте және қолжетімді бағамен ет өнімдері, балық, көкөніс, бірінші кезекте қажетті тауарлар сатылды.



 

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 26-03-2019 12:07
Жаңартылған күні: 26-03-2019 12:31

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 3 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика