Новость:: 

2019  жылдың 11 шілдесінде сағат 11:00-де Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста: 

1) Байқоңыр қаласында тұратын ҚР азаматтарының әлеуметтік жағдайы және оларды қолдау мәселелері. Ресей Федерациясына қарасты мекемелерде жұмыс істеп, зейнетке шыққан ҚР азаматтарының Ресейлік жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржыларын алудағы орын алған проблемалар және оны шешу жолдары. Экологиялық апат аймағы тұрғындарының зейнеткерлік жасы мәселелері.

2) Қызылорда облысы бойынша ересектер мен кәмелетке толмаған балалар арасында орын алған құқық бұзушылық фактілерінің туындау себептері және оның алдын алу шаралары туралы. Қызылорла облысы бойынша мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Бірінші мәселе бойынша ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Ж. Абатов баяндама жасады. Ж. Абатов өз кезегінде Ресейлік мекемелерде жұмыс істейтін ҚР азаматтарына мекеменің атынан Ресейдің заңдарына сәйкес міндетті сақтандыру төлемдері аударылып отыратынын. Аталған жарналар қызметкердің табысынан емес, еңбекақы төлеу қорынан төленетінін хабарлады. 

Сонымен қатар, басқарма басшысы қатысушыларды қаланың даму жоспарымен және басқарма жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырды.

 

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 15-07-2019 20:43
Жаңартылған күні: 15-07-2019 20:43

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
6 + 1 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика