Новость:: 

2019 жылдың 08 шілдесінде  ХҒС-6061 экипажының Байқоңырда ХҒС ұшуға дайындықтың соңғы кезеңі өтті.

4 шілдеде ХҒС-60/61 экипаждары Байқоңыр қаласына келді. 5 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағында Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға "Союз МС-13" кемесінің негізгі және қосалқы экипаждарын дайындаудың қорытынды кезеңі басталды. 

Роскосмостың хабарлауынша, ғарышкерлер мен астронавттар кіріспе нұсқаулықтан өтіп, скафандрларды тексергеннен кейін кемеге өтті. Мамандардың бақылауымен олар ғарышта жұмыс істейтін жабдықтарды тексеріп, борттық құжаттамамен танысты, ұшу бағдарламасын және станцияға жеткізуге жоспарланған жүктерді зерттеді.

5 шілдеде техникалық басшылықтың отырысы болып өтті, онда зымыран отынының компоненттерімен және сығылған газдармен "Союз МС-13" кемесіне май құю туралы шешім қабылданды. 

Сенбі, 6 шілде күні, "Космонавт" қонақ үйі ғимаратының алдында Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) "Союз МС-13" кемесінің ұшуына қатысатын елдердің туын көтеру рәсімі өтті.Дәстүрлі іс-шараға негізгі және қосалқы экипажы қатысты. Ғарышкерлер Александр Скворцов пен Сергей Рыжиков Ресейдің туын, астронавттар Эндрю Морган мен Томас Машберн - АҚШ туын, Лука Пармитано - Италия Туын және Соичи Ногучи - Қазақстанның туын көтерді. 

Іс - шараға "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің, "ЦЭНКИ" ФГУП филиалының өкілдері - "Южный" ғарыш орталығы, сондай-ақ, экипаждың ұшу алдындағы дайындығын қамтамасыз ететін. Ю. А. Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығының мамандары қатысты.

Дәстүр бойынша, ту көтеру рәсімінен кейін (Сергей Рыжиков, Томас Машберн және СоичиНогучи) қосалқы құрам Байқоңырға экскурсияға аттанды. Гагарин саябағында қосалқы құрам мүшелерін қала әкімшілігінің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ балалар жасөспірімдер клубтарының тәрбиеленушілері қарсы алды. Қосалқы құрам мүшелері және қала әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Виктор Лопаткин Юрий Гагариннің ескерткішіне гүл қойды және монументтің жанында суретке түсті.

Содан кейін экипаж атақты конструктор Сергей Королевты еске алып, Байқоңыр қалалық мұражайыында Байқоңыр ғарыш алаңының тарихымен танысты. 

Негізгі экипаж құрамы ХҒС-60/61: ғарышкер Александр Скворцов, астронавттар - Лука Пармитано мен Эндрю Морган. Олардың қосалқы құрамы-ғарышкер Сергей Рыжиков, астронавтар Томас Машберн және Соичи Ногучи. 

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" зымыран-тасығышын "Союз МС-13" басқарылатын кемесімен ұшыру 2019 жылғы 20 шілдеге жоспарланған.

 

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 15-07-2019 20:24
Жаңартылған күні: 15-07-2019 20:24

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
7 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика