Новость:: 

Байқоңыр қаласының қалалық мәдениет үйінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және 12 желтоқсан Ресей Федерациясының Конституция күні мерекелеріне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шараның ресми бөлігінде Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары Мырзабек Демесинов және қала әкімшілігі Басшысының м.а. Виктор Лопаткин байқоңырлықтарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, оларға Қазақстан мен Ресейдің өркендеуі үшін жаңа жетістіктер, бейбітшілік, жақсылық, амандық тіледі.

Сонымен қатар, іс-шара барысында бірқатар сала үздіктеріне облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Іс-шара қалалық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концертпен жалғасты.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 18-12-2019 10:16
Жаңартылған күні: 18-12-2019 10:16

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 13 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика