• Дата публикации: 18/12/2015 - 14:36
    Мазмұны:

    Кеше 3- желтоқсан – мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні мерекесіне орай Байқоңыр қаласында «Алладин» балалар ойын сауық орталығының дәмханасында «Жүректен жүрекке» атты іс- шара болып өтті. Онда  мүмкіндігі шектеулі 30 адамға арнап дастархан жайылды. Шара «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» атты жобасының шеңберінде ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға бір сәт көңіл бөліп, атаулы күнді ұйымдастыруға ат салысқан ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілдігі қызметін қамтамасыз ету басқармасы, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы,«Жастарды қолдау орталығы» МКҚ Байқоңыр филиалы,Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің Байқоңыр  филиалы болып отыр.Бұл мерекелік концертті өткізудегі басты мақсат- айтулы мерекені ел арасында насихаттау және мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсету болып табылады.
    Жарымжан жандарға арналған мерекелік шарада ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілдігі қызметін қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары Батыржан Аймағанбетов, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Әнуар Дәуленбаев,Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша сектор меңгерушісі Шайкибек Сүйембетовтер сөз сөйлеп, өз лебіздерін білдірді. Жаны жаралы жандардың бір сәт болса көңілдерін көтеру үшін Байқоңыр «Космос» колледжінің студенттері өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Содан соң шараға жиналған барлық мүмкіндігі шектеулі жанға шай ішуге арналған тәттілер салынған пакеттер таратылды. Жиынға келген жандар ұйымдастырушыларға деген ыстық ықыластарын да білдіріп жатты.
     «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», демекші, осы шараға ат салысқан     «Алладин» балалар ойын сауық орталығының иесі Серік Ниязбаевқа, жеке кәсіпкерлер Ұзақов Қази Алдабергенұлы және Бердекеев Ғабит Амитбекұлына айтар алғысымыз шексіз.
     

  • Дата публикации: 05/12/2015 - 13:22
    1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
    Мазмұны:

          Үстіміздегі жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасымен 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында Байқоңыр қаласының мектеп оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
          Сондай-ақ, шараға «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Байқоңыр қалалық бөлімінің қызметкерлері қатысты.
          Іс-шара барысында Елбасы күніне орай көрме ұйымдастырылып, «Ұлт көшбасшысы» тақырыбында өткізілген сурет байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

     

  • Дата публикации: 13/11/2015 - 15:42
     Балалар бақыты!
    Мазмұны:

    Балалар бақыты!

         Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы және «Нұр Отан» партиясының Байқоңыр қалалық филиалы Қызылорда қаласындағы «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне Байқоңыр қаласының тарихымен, қаланың әсем жерлерімен танысуға, сонымен қатар қалалық космонавтика мұражайына экскурсия жүргізуге ықпал жасады.

         Балалар өздерінің бауырмашылдығымен, жылулығымен баурап алды. Байқоңырға келгендеріне қатты қуанып, көңілдері жадырап сала берді. Балалардың басым бөлігі Байқоңыр қаласының тумалары болғандықтан, оларға туған жерлерін көріп, ауасымен тыныстау жүректеріне қуаныш ұялатты. Ертең оларда ер жетіп, еліміздің бір азаматына айналары сөзсіз. Ұйымдастырушылар бұл бастама өз жалғасын табады деп мәлімдейді.     

  • Дата публикации: 29/10/2015 - 17:45
    Байқоңыр спортшыларының жаңа жетістіктері
    Мазмұны:

    Байқоңыр спортшыларының жаңа жетістіктері

    Қазан айының 16—18 аралығында Шымкент қаласында әмбебап жекпе-жектен Қазақстаг Рсепубликасы кубогіне жарыс өтті. Шараны ұйымдастырушыларының арасында байқоңырлық-еңбегі сіңген бапкер, ҚР спорт қайраткері әмбебап жекпе-жек федерациясының президенті Олжас Әкімов те болды.

    Спорттық шараның ресми ашылу салтанатында жергілікті және орталық басқару орындарының өкілдері мен даңқты спортшы, төрт мәрте әлем рекордын иесі Сергей Цырульников болды.

    Қазақстанның барлық аймақтарынан аралас жекпе-жектің ондаған саңлақтарымен қатар жас спортшылар кескілескен айқастарда Қазақстан кубогын сарапқа салды. Физикалық дайындық деңгейі, айла-тәсілдерді кәсіби пайдалану, шапшаңдық пен жеңіске деген ынтасын спортшылар паш етулері тиіс болатын.  Байқоңыр қаласының құрама командасы бұл сайыста кезекті рет өзінің шеберлігін дәлелдеді. Біздің спортшылар өз салмақ дәрежесінде 3 алтын (Алиби Калила, Ерсултан Аблахатов и Нуржанат Тлеумбетова),  екі күміс (Азиз Аралбаев, Бахтияр Наятов) жәні бір қола (Нурбек Жармаханов) медаль иеленді. Жеңімпаздардың Олжас Әкімов пен Қазыбек Алтыруов даярлады. Енді «жұлдызды қалашық» спортшылары аралас жекпе-жектен қараша айында Мәскеуде өтетін әлем біріншіліге дайындалуда.

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика