• Дата публикации: 02/11/2016 - 16:16
    Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні.
    Мазмұны:

                 31 қазан күні сағат 17.00-де Байқоңыр қаласы «ҚазҒарышСапары» ғимаратының мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр қалалық филиалы мен «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен қазан айының сонғы жексенбісі-Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай мерекелік кеш өткізілді. Шара барысында үздік қызметкерлер құттықтау грамоталарымен марапатталып, әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлеріне гүл шоқтары табысталды.

  • Дата публикации: 02/11/2016 - 15:04
    Байқоңыр қаласында «Қоғамдық медиация» тақырыбында семинар-тенинг өткізілді.
    Мазмұны:

    2016 жылы 26 қазан күні Байқоңыр қаласында «Байқоңыр қаласы, Төретам, Ақай елді-мекендері бойынша ҮЕҰ-ды дамытуға бағытталған ресурстық орталық жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Байконур за гражданские права» қоғамдық бірлестігі «Гражданский Альянс Кызылординской области» Ассоциациясымен бірге «Қоғамдық медиация» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Іс-шара Байқоңыр қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі аппаратының ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауымен өткізілді.

    Семинардың мақсаты:, Қазақстанда тараптардың татуласу институттарының дамуы, медиация туралы, медиацияның артықшылықтары туралы, сонымен қатар, 2011 жылы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен азаматтық және қылмыстық заңнамаларға толықтырулар және өзгертулер енгізілгені туралы Байқоңыр қаласы, Төретам, ақай елді мекендерінің тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

    Семинарға атқарушы билік өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қалалық сот және прокуратура, Төретам елді мекенінің медиаторлары, ҮЕҰ өкілдері және Байқоңыр қаласының азаматтары шақырылды.

    Алматы қаласындағы «Правозащитный центр» қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы Ахметова Күлбарам Әлиәкімқызы баяндама жасады. Медиатор Күлбарам Әлиәкімқызы өз баяндамасында заңнаманы жетілдіру бойынша мемлекеттегі тұрақты жүргізілген жұмыстар туралы, уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін арттыру, медиация институтын азаматтық-құқықтық дауларды және қылмыстық-құқықтық қақтығыстарды шешуге жалпы құқықтық саясатқа тиімді балама әдіс ретінде енгізу қажеттігін атап өтті.

    Семинарда Байқоңыр қаласының тұрғындары азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау журалы әлеуметтік маңызды сұрақтар қойды, семинарды жүргізуші кәсіби медиатор Күлбарам Әлиәкімқызы қойылған сұрақтарға түсініктеме берді.

    Дауларды шешуде медиаторлармен халықтар арасында өзара түсінушілік, жылы қарым-қатынас орнайтындығы және қоғамның жағдайы тек жақсаратыны сөзсіз.

  • Дата публикации: 02/09/2016 - 10:45
    Байконыр отметил  День Конституции РК
    Мазмұны:

       

         2016 жылы 29 тамызда қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама және салтанатты жиын өтті.

         Осындай қазақстандықтар үшін елеулі мемлекеттік мерекемен Байқоңыр қаласының тұрғындарын Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Б.Бекпанов, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә. Қошалақов және қалалық әкімшіліктің Басшысы А.Петренко құттықтады.

         Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан қызметкер Кацука Халида Қызылорда облысы әкімінің атынан құрмет грамотосымен марапатталды.

         Сонымен қатар, осы мерекеге орай Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлері және басқа қазақстандық құрылымдар Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен аталып өтті.

         Салтанаттың ресми бөлімінен кейін қалалық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымымен дайындалған мерекелік концерт болды.

  • Дата публикации: 01/06/2016 - 16:19
    VII «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумға байқоңырлық делегаттар қатысты
    Мазмұны:

            2016 жылы 27-28 мамыр күндері Қызылорда қаласында VII «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумы өтті. Оған қазақстандық бизнес және қаржы институттардың өкілдері қатысты. Форумға Байқоңыр қаласы әкімшілігінің Басшысы Анатолий Петренко бастаған Байқоңыр қаласы әкімшілігінің делегаттары белсенді қатысқанын атап айтқан жоқ.

          Форум қонақтарына арнап «Қызылорда облысының инвестициялық жобалары» тақырыбында 26 жоба ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Форум аясында «Қызылорда облысындағы шағын және орта бизнестің даму перспективалары», «Коорпарациялардағы АӨК болашағы», «Жаңа жағдайдағы мемлекеттік-жеке серіктестіктің даму болашағы», «Қызылорда қаласы және Байқоңыр қаласындағы туристік саланың даму болашағы» атты жұмыс секциялары болып өтті.  Секциялық жұмыстар кезінде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, шағын және орта бизнесті, облыста туризмді дамыту мәселелері қаралды. Сонымен қатар, әріпстетік қатынасты нағайту мақсатында бірқатар меморандумдарға қол қойылды. 

         Форумның жалғасы 28 мамыр күні форум Байқоңыр кешенінде өтті. Инвестициялық форумның қатысушылары  Байқоңыр кешеніне кіріп, ғарыш айлағы кешеніндегі мұражайда болды.

  • Дата публикации: 13/05/2016 - 10:41
    Мазмұны:

           9 мамыр күні Байқоңыр қаласында Ұлы Жеңістің 71-жылдығына  арналған салтанатты шаралар мен шеру өтті.

          Шара орталық алаңда үрмелі оркестрмен ән шырқап, қаланың әскери жауынгерлерінің маршпен жүріп өтуімен басталды. Соғыста қаза тапқан солдаттар құрметіне мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.

         Сонымен қатар, аталған орталық алаңда Ұлы Жеңіске арналған әскери-тарихи құрам орналастырылды.Құрам автоматшылар мен пулеметшілерге арналған атқыштар қоймасынан, командирлік  байланысы бар орталықтан, солдаттарды тамақтандыратын және науқастарды емдейтін орындардан тұрды.

           Қала тұрғындары мен қонақтары әскери киімдерді киіп, қару-жарақ үлгілерімен суретке түсіп, далалық «Майдан» ас-ботқасынан ауыз тиді.

           Мерекелік іс-шара соңы өнерпаздар концертіне ұласып,  ұжымдық билермен жалғасты.

  • Дата публикации: 13/05/2016 - 10:33
    Мазмұны:

           6 мамыр күні сағат 16.00 Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Байқоңыр тұрғындарын  Облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі С.Қожаниязов және Байқоңыр қаласының әкімшілік басшысы А.Петренко мерекелерімен құттықтап соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлеріне бағалы сыйлықтар беріп, алғыс хатпен марапаттады.

  • Дата публикации: 06/05/2016 - 10:58
    Байқоңыр қаласында  V «Халық достығы - ел тірегі» атты фестиваль өтті
    Мазмұны:

           Ағымдағы жылдың 3 мамыр күні Байқоңыр қаласында орналасқан №274 орта мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы және Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№274 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Байқоңыр қаласы және Қармақшы ауданы бойынша сарапшысының ұйымдастыруымен V «Халық достығы - ел тірегі» атты балалар шығармашылығының фестивалі өткізілді.

          Бұл шараға Қызылорда облысы әкімі аппаратының Қазақстан халқы  облыстық ассамблеясы хатшылығы, облыстық білім  басқармасы, Қармақшы ауданы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының Байқоңыр қаласы филиалы, түрік, славян, неміс, корей, татар, өзбек, қырғыз, шешен, грек, еврей этностарының өкілдері қатыстырылды.

        Бұл шараның негізгі мақсаты Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі-қазақстандық патриотизмді оқушылар бойында дамыту, қазақ жерінде мекендеген этностардың салт-дәстүрлерін, мәдениетін білуге, құрметтеуге уйрету, олардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, оқушылар бойында өзге этнос өкілдеріне деген толеранттық қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылды.

          Салтанатты жиын өзге этнос өкілдерінің халыққа, елге деген ыстық лебізімен дайындалған арнайы сюжетпен басталды.

         Фестивальға қатысушылар «Ұлттық дастархан», «Халық достығы» бейнелеу, қол өнері көрмелерін тамашалады. Мерекелік іс-шара этнос көркемөнерпаздарының концертіне ұласты. Керемет ән, бимен қатар қазақ халқы мен өзге этностардың тарихын айшықтайтын қысқаша қойылымдар көрсетілді.

          Сондай-ақ, шара аясында, «Жас ұлан» жасөспірімдер мен балалар ұйымына 3-ші сынып оқушыларын  қабылдау рәсімі өткізілді.

         Ел достығы мен ел бірлігін одан әрі нығаюында белсенділігімен көзге түскен Қармақшы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері А.Тоқшылықова және №274 орта мектебінің директоры Ғ.Ұзақбаев алғыс хаттармен марапатталды.

     

  • Дата публикации: 14/04/2016 - 09:28
    11-12 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында Бүкіләлемдік авиация және ғарышкерлер күніне (Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні) арналған салтанатты іс-шаралар өтті
    Мазмұны:

           Бүкіләлемдік авиация және ғарышкерлер күніне (Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні) арналған Байқоңыр қаласындағы мерекелік іс-шара 2016 жылдың 11 сәуірінде басталды. Осы күні қалалық мәдениет үйінде «Біздің Гагарин» атты тақырыптық көрме өткізіліп, салтанатты жиын және концерт болды.

          Салтанатты жиында Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы А.П.Петренко және Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі С.С. Қожаниязов құттықтау сөз сөйледі.

          Ю.А. Гагариннің ғарышқа ұшуына 55-жыл толуына орай негізгі салтанаттар осы жылдың 12 сәуір күні өткізілді.

          Қалада бұқаралық іс-шаралар Ю.А.Гагариннің ескерткішінде салтанатты шерумен басталды. Шеруден кейін қалалық кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардан 2000 адамнан астам қатысуымен мерекелік сап түзеу өтті. Алаңда жергілікті музыкалық ұжымның, сондай-ақ қазақстандық және ресейлік әртістердің қатысуымен концерт болды.

          Сондай-ақ, осы күні Байқоңыр қаласында «Гагариндік марафон» деп аталатын жеңіл атлетика жүгіру болды, онда 50 адамнан астам қатысып, мектептік жеңіл атлетикалық эстафета және байқоңырлық спортсмендердің қатысуымен веложарыс өткізілді.

  • Дата публикации: 29/03/2016 - 17:53
    Байқоңырлықтар Наурыз мейрамын тойлауда
    Мазмұны:

           2016 жылы 26 наурызда Байқоңыр қалалық Демалыс саябағында қазақстандық және ресейлік мекемелер өкілдерінің, сонымен қатар Байқоңыр қаласының тұрғындарының қатысуымен Наурыз мерекесі тойланды.

           Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешені бойынша арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Серік Салауатұлы Қожаниязов  қатысып, барлық байқоңырлықтарды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтады. 

           Мұнан бөлек саябақ аумағында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, сонымен қатар Мәслихат депуттарының күшімен құрылған 3 қараша үй мен шатырларда қайырымдылық шарасы аясында наурыз көже мен мерекелік палау таратылды.

           Жалпы мерекеге 10000-дай адам қатысып, Қайырымдылық акцияға 2000-ға жуық адам қатысты.

  • Дата публикации: 02/03/2016 - 18:38
    Алғыс айту күніне орай кездесу өтті
    Мазмұны:

    14 қаңтар 2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, 1 наурыз – Алғыс айту күні болып бекітілгені белгілі. Аталмыш мерекеге орай 1 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасында «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы, Байқоңыр қалалық ардагерлер кеңесі, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ Байқоңыр қалалық бөлімі бірігіп Алғыс айту күнін атап өтті. Кездесуде  ардагерлер жастарға баталарын беріп, жастар үлкендерге алғыстарын білдірді. Кездесу соңында барлығы естелік суретке түсті.

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика