• Дата публикации: 19/11/2019 - 17:15
    Мазмұны:

    «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында биылғы жылы 21 қарашада Біріңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.

    Осыған байланысты, 2019 жылдың 21 қарашада сағат 10.00-ден бастап 18.00-ге дейінгі аралықта ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы басшылығымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіледі.

    Азаматтарды қабылдау Абай даңғылы, №16 (201 каб.), мекенжайы бойынша өткізіледі.

    Қабылдауға алдын-ала жазылу 8 /7242/ 40-02-13;

    8 /33622/ 7-50-30 телефоны бойынша жүргізіледі.

  • Дата публикации: 19/11/2019 - 17:12
    , , ,
    Мазмұны:

    «Центральный» қонақ үйінің артында орналасқан алаңда Қармақшы ауданы өкілдерінің қатысуымен ет, балық және ауыл шаруашылығы өнімдерін сату жәрмеңкесі өтті. Демалыс күнінің жәрмеңкелері қала тұрғындарын Қызылорда облысының жақын аудандарынан ауыл шаруашылық және азық-түлік өнімдерінің кең және әр түрлі ассортиментімен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.

    Қызылорда облысы Қазалы ауданы өкілдерінің қатысуымен өтетін келесі жәрмеңке 7 желтоқсанға жоспарланған.
  • Дата публикации: 12/11/2019 - 15:32
    ,
    Мазмұны:
    "Қазақстандағы ғарыш күндері" Халықаралық форумы аясында пленарлық отырыс өтуде.

    Форумның пленарлық отырысын ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ашты. Ол еліміздің экономикасының түрлі салаларының тиімділігін арттыруда ғарыш технологияларын қолданудың маңыздылығын атап өтті. Сондай - ақ, ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, "РОСКОСМОС" бас директоры Дмитрий Рогозин, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов баяндама жасады. Қатысушылар атап өткендей, бұл форум ғарыш саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылау үшін тиімді алаң ретінде отандық және халықаралық қоғамдастықтарда өзін жақсы көрсетті.
  • Дата публикации: 12/11/2019 - 15:28
    Мазмұны:

    16 қарашада ауыл шаруашылығы өнімдерін сату бойынша жәрмеңке өтеді.

    Құрметті Байқоңыр қаласының және Ақай, Төретам елді мекендерінің тұрғындары!

    2019 жылы 16 қарашада сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін "Центральный" қонақ үйінің артында орналасқан алаңда Қармақшы ауданы өкілдерінің қатысуымен ет, балық және ауыл шаруашылығы өнімдерін сату жәрмеңкесі өтеді.

  • Дата публикации: 12/11/2019 - 15:24
    , , ,
    Мазмұны:

    9 қарашада Байқоңыр қаласында Ресей Федерациясы Ішкі істер органдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді. Қалалық мәдениет үйінде өткізілген мереке барысында Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары басшылары өз әріптестерін құттықтады. Сонымен қатар, Басқарма басшысының құттықтауы РФ ІІМ "Байқоңыр" кешеніндегі басқарамасы бастығы А.Н.Кузьминге табысталды.

    Салтанатты жағдайда қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, халықаралық ғарыш бағдарламаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан басқарма қызметкерлеріне, сондай-ақ, ішкі істер органдарының ардагерлеріне медальдар, төс белгілері, құрмет грамоталары табыс етілді.

    Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

  • Дата публикации: 24/10/2019 - 10:47
    Мазмұны:

    ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №726 Қаулысына сәйкес "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2019 жылғы 1 қарашадан бастап қолданыстан алынады.

    Сәйкесінше, барлық мемлекеттік органдар, балабақшалар, мектептер, ауруханалар, коммуналдық қызмет көрсетушілер, елшіліктер мен консулдықтар, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдар, квазимемлекеттік және жеке сектордағы мекемелер, екінші деңгейлі банктер, микрокредиттік ұйымдар және басқа да мекемелер - ешбір жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын талап етпеуге тиіс.

    Талап етілген жағдайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 8 (7242) 70-56-36 телефоны бойынша хабарласуға болады.

  • Дата публикации: 23/10/2019 - 11:01
    Мазмұны:

    Құрметті Байқоңыр қаласының және Ақай, Төретам елді мекендерінің тұрғындары!

    2019 жылы 26 қазанда сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін "Центральный" қонақ үйінің артында орналасқан алаңда Арал ауданы өкілдерінің қатысуымен ет, балық және ауыл шаруашылығы өнімдерін сату жәрмеңкесі өтеді.

  • Дата публикации: 23/10/2019 - 10:59
    , ,
    Мазмұны:

    Ағымдағы жылдың 17 қазан күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Бурамбаева мен еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы орынбасары Г.Алтынбасованың қоғамдық қабылдауы болып өтті.

    Қоғамдық қабылдауға Мүгедектерді қорғау «Байқоңыр қайсарлары» ҚБ төрағасы мен Байқоңыр қаласының тұрғындары өздерінің әлеуметтік жағдайларға қатысты өзекті сауалдарын қойып, тиісінше жауаптар алды. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б. Бурамбаева денсаулық сақтау саласына байланысты егжей-тегжейлі тоқталып, түсіндірмелер берді.

    Сондай-ақ, жыл соңына дейін энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Білім басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қармақшы ауданы әкімдігі басшыларының қоғамдық қабылдауы жоспарлануда.

    Осыған байланысты Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай елді мекендерінің барлық тұрғындарынан келіп, өздерін толғандырған сұрақтарын қоюларын сұраймыз.

  • Дата публикации: 10/10/2019 - 11:01
    , , , , , , , , , , ,
    Мазмұны:

    Облыстың әр ауданынан, бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері, жалпы саны 100 адам, алдымен №277 мектеп-лицейінің 600 орындық акт залында «Қарттарым – асыл қазынам» атты семинарға қатысты. Семинардың алғы сөзінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев шараның өткізілу мақсатымен таныстырып, облысымызда ардагерлерге көрсетіліп жатқан қамқорлық, оның ішінде облыс әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатқан мәдени шаралар туралы баяндады.

    Келесі кезекте Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Н. Адасев, облысқа еңбегі сіңген ардагерлер Қ. Шапшанов, Н.Ұлықпанұлы мен С.Аңсат, Байқоңыр қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Алмаханов және №277 мектеп-лицейінің жас маманы Қ.Темірхановалар тақырып аясында пікірлерін зерделеп, өз ойларын білдірді. Семинар соңында қатысушылар қаланың өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

    Ардагерлердің облыстық семинары одан әрі қаланың мәдени орындарымен және қалалық ардагерлер үйінің жұмысымен танысумен жалғасты. Делегация мүшелері алдымен ардагерлер үйінде болып, ардагерлер үйінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, делегация мүшелері бағдарламаға сәйкес, «Союз» ғарыш кемесі монументінде естелік суретке түсіп, келесі жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығының тойлануына орай, ескерткіш жанында ақынға арналған құран бағыштады

  • Дата публикации: 26/09/2019 - 11:05
    , , ,
    Мазмұны:

    Жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сонымен қатар, ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей тараптарының ортақ жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты. "Союз МС-15" басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы сәтін тамашалады. Жұлдызды қалашықта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді аралап көріп, қаланы газдандыру жұмыстарымен танысты.

    Асқар Ұзақбайұлына Байқоңыр қаласында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов баяндады.

    Байқоңыр қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 пәтерлі бес үйдің құрылысы аяқталды. Құрылыстың жалпы аумағы-15,7 мың шаршы метр, мұнда 250 пәтер бар. Үйлер орталық су және кәріз жүйесіне қосылған. Жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін табиғи газбен автономды бу қазандығы орнатылған. Қазіргі уақытта баспана кезегінде тұрған Байқоңырдағы ҚР азаматтарына пәтер берілуде»,-деді аймақ басшысы.

    Айта кетейік, "Қызылорда облысын газдандыру және жаңа активтер құру" инвестициялық жобасын іске асыру аясында Байқоңыр қаласын "Бейнеу - Шымкент" газ құбырына қосу және Байқоңыр қаласының жеткізуші газ құбыры мен кварталішілік газ тарату желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінде қазақстандық әлеуметтік нысандар мен бой көтерген 5 көп қабатты тұрғын үй газ желілеріне қосылған. Тұтынушылар үшін газ бағасы-20,90 тг м3.

    Премьер-Министрге «Байқоңыр» кешенінде еркін экономикалық аймақ құруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар да баяндалды.

    Содан соң, Асқар Мамин қонақ үй кешендерінің құрылыс барысымен, атап айтқанда, "Ресей" қонақ үйі мен "Нөлдік квартал" қонақ үй кешенін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

    Қазіргі таңда қаланың ойын – сауық-туристік әлеуетін арттыру үшін Қызылорда облысының әкімдігі мен Байқоңыр қаласының әкімшілігі "Ресей" қонақ үйі мен "Нөлдік квартал" нысандарын жалдан шығару мәселесін талқылауда.

    Қызылорда облысына жұмыс сапарының соңында ҚР Премьер – Министрі "Союз МС-15" басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы шарасына қатысты. Ғарышкерлер -Олег Скрипочка (РФ), Джессика Меир (АҚШ) және Хазза аль-Мансури (БАӘ).

     

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика